2025 жылғы Нобель сыйлығы жайлы бірер сөз

2025 жылғы Нобель сыйлығы жайлы бірер сөз

2025 жылғы Нобель сыйлығының иегерлері белгілі бола бастады. 6 қазанда ең алдымен физиология немесе медицина саласындағы алғашқы Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды. Каролинска институтындағы Нобель ассамблеясының шешімі бойынша Мари Бленко, Фред Рамсделл және Шифуми Сакагучи қатарлы үш ғалым перифериялық иммундық төзімділікке қатысты ашқан жаңалықтары үшін медицина саласындағы Нобель сыйлығына ие болды. 

«Олардың ашқан жаңалықтары зерттеудің жаңа саласының негізін қалады және қатерлі ісік пен аутоиммундық аурулар сияқты жаңа емдеу әдістерін жасауға мүмкіндік берді», – делінген Нобель сыйлығын беру ұйымының мәлімдемесінде.

Марапаттаудың толық кестесі 6-13 қазан аралығында өтеді. Мұнда медицина, физика, химия, әдебиет, бейбітшілік және экономика ғылымдары бойынша айрықша көзге түскен және ғылыми жаңалықтар ашқан ғалымдар мен тұлғалар анықталады. 

Нобель сыйлығы – динамитті ашумен танымал болған швед химигі, инженері және өнеркәсіпшісі Альфред Нобельдің өсиетімен байланысты тағайындалатын ең беделді халықаралық марапат. 

Алғашқы Нобель сыйлығы 1901 жылы физика, химия, медицина, әдебиет және бейбітшілік саласындағы көрнекті жетістіктерді мойындап берілген екен. 1968 жылы Швецияның Орталық банкі Альфред Нобельді еске алу үшін экономика ғылымдары бойынша сыйлықты тағайындады және марапат санаттарын алтыға дейін кеңейтті.

Нобель сыйлығын әртүрлі институттар береді: Швеция Корольдік ғылым академиясы физика, химия және экономика үшін, Каролинска институтындағы Нобель ассамблеясы медицина үшін, Швед академиясы әдебиет бойынша және Норвегиялық Нобель комитеті бейбітшілік үшін берілетін марапат иелерін анықтайды. 

Әрбір лауреат алтын медаль, диплом және Нобель қорын басқаратын Нобель қоры қаржыландыратын ақшалай сыйлық алады. Биылғы сыйлықтың жалпы сомасы 11 млн швед кроны (шамамен 1,2 млн доллар).

Сыйлықтар ресми түрде 1896 жылы Нобель қайтыс болған 10 желтоқсанда тапсырылады.

Жүлдені жариялау процесі 6 қазанда басталып, бір аптадан кейін, 13 қазанда аяқталады.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ

 

10.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18473
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18337
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33520
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32070
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35838