Адвокаттар даңғаза әрекетке емес, дәлелге сүйенуі керек – саясаттанушы Боқаевтың қорғаушыларын сынға алды

Адвокаттар даңғаза әрекетке емес, дәлелге сүйенуі керек – саясаттанушы Боқаевтың қорғаушыларын сынға алды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевтың ісі бойынша өтіп жатқан сот процесі адвокаттардың түрлі «перформанстарымен» жалғасып келеді. Соңғы сот отырыстарының бірінде судья кезекті рет өзіне қарсылық білдіру туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартқан соң, айыпталушының адвокаттары демонстративті түрде сот залынан шығып кеткен. Бұл жағдайға қазақстандық саясаттанушы, «Саяси үдерістерді талдау орталығы» ЖШС басшысы Арсен Сәрсеков пікір білдірді.

Санжар Боқаев пен басқа да айыпталушыларға қатысты қылмыстық іс Алматыда күзден бері қаралып келеді. Тағылған айыптар қатарында Баум тоғайындағы ағаштарды кесуге қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату, сондай-ақ Үлкен Алматы өзенінің арнасын қайта жаңғырту кезінде гранит тақталардың ұрлануы туралы оқиға бар. Айыптау тарапының пайымдауынша, соңғысы әлеуметтік желілерде хайп тудыру мақсатында әдейі ұйымдастырылған қойылым болған.

Сот талқылауы басталғаннан бері қорғау тарапы төрағалық етіп жатқан судьяға бірнеше рет қарсылық білдіріп келеді. Мұндай өтінішхаттардың саны сегізге жеткен. Прокурорлар бұл әрекеттерді істі созуға бағытталған қадам деп бірнеше мәрте бағалаған. Соттың кезекті рет бас тартуы адвокаттардың «перформансына» ұласып, олар сот залынан шығып кеткен.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор өтінішхат түсірген болатын. Ол сотқа айыптау тарапының куәгері Ақылбек Хамракуловтың айыпталушылардың туыстары және адвокаттарымен дәмханада бір сағаттан астам уақыт сөйлесіп отырғанын көрсететін бейнежазбаларды ұсынды. Осыдан кейін прокурор енді оның айғақтары күмән келтіретінін, сондай-ақ оған Боқаевтың туыстары пара беруі мүмкін екенін алға тартып, Хамракуловты куәгерлер тізімінен шығаруды сұрады.

Арсен Сәрсековтің айтуынша, қорғау тарапының судья шешімдерімен келіспеуі – кез келген сот процесінде кездесетін қалыпты жағдай. Заң адвокаттарға өз ұстанымын қорғауға мүмкіндік беретін жеткілікті құқықтық тетіктер ұсынады. Олар өтінішхат беруге, қарсылық білдіруге және сот әрекетіне белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. Алайда саясаттанушының пікірінше, демонстративті түрде сот залынан кету кәсіби қызмет аясынан шығып кетеді.

«Сот отырысы залынан даңғаза түрде кетуді өз ұстанымын қорғаудың кәсіби тәсілі деп айту қиын. Оның үстіне, қорғау тарапының шынымен де тың әрі сенімді дәлелдері бар ма, әлде мұндай әрекеттер процесті созу үшін қолданылып отыр ма деген сұрақ туындайды», – деп есептейді Сәрсеков.

Сарапшы сегізінші рет қарсылық білдіруді есепке ала отырып, нақты құқықтық дәлелдерді көпшілікке арналған даңғаза әрекеттермен алмастыруға болмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, адвокаттың қызметі тек клиентін қорғаумен шектелмейді, сонымен қатар кәсіби әдепті сақтауды, сотты құрметтеуді және процестік нормаларды ұстануды да көздейді.

«Түптеп келгенде, адвокаттың ұстанымының мықтылығы оның демонстративті әрекеттерімен емес, дәлелдерінің сапасымен және оларды құқықтық алаңда жүйелі түрде қорғай білуімен өлшенеді», – деп түйіндеді Арсен Сәрсеков.

23.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29782
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29336
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46561
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 42140
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46912