Жылқы төлдері

Жылқы төлдері

Құлын (биенің жас төлі),

жабағы (6 айдан асқан құлын),

тай (1 жастан асқаны) деп атайды.

Ұрғашы жылқы, яғни байтал:

құнажын байтал (2 жастан асқаны),

дөнежін шығар (3 жастағы байтал),

дөнежін байтал (3 жастан асқаны),

бесті бие (4 жастан асқаны),

қасабалы бие (7-8 жастағы бие),

кәртамыс бие (11-14 жастағы бие),

жасаған бие (20 жастан асқан бие), 

т.б. атайды.

Піштірілмеген еркек жылқының, 

яғни айғырдың атаулары:

құнан айғыр (2 жастан асқаны),

дөнен айғыр (3 жастағысы),

сәурік айғыр (3-4 жастағы үйірге салынбағаны),

бесті айғыр (5 жастағысы),

сақа айғыр (11-12 жастағысы), т.б.

Қазақ халқы салт мінуге немесе союға арналған еркек жылқыларды жас кезінен піштіріп (тарттырып деп атайды) жібереді. Қазақ тіліндегі ат ұғымы, көбінесе, осындай жас кезінен піштірілген, салт мінуге арналған жылқыға қатысты айтылады. Піштірілген жылқылар үйірге қосылмай, бөлек жайылады. Сондықтан оларды саяқ жылқылар деп атайды. Саяқ жылқылар атаулары:

ат (піштірілген еркек жылқы),

сақа ат (11-12 жастағысы),

шобыр (жүк артуға, ұзақ жолға төзімді    ат),

тұғыр (салт мінуге қолайлысы),

мәстек (аш-тоқтығын білдірмейтін жуас ат),

азбан (кеш піштіріліп, айғырлық мінезін қоймайтыны), т.б.

Исатай АЙТБАЙҰЛЫ
23.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594