Жылдар бойы күткен ЖЭО құрылысы басталды

Жылдар бойы  күткен ЖЭО  құрылысы басталды

Көкшетауда жылу электр орталығының қадасы қағылып, құрылысы басталды. Игі шараға Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов, «Самұрық-Энерго»  АҚ  басқарма   төрағасы  Қ.Мақсұтов, мемлекет және қоғам қайраткерлері, баспасөз өкілдері қатысты. Құрылыстың  жоба-жоспары жайлы осы орталықты салу үшін жаңадан құрылған  «Көкшетау ЖЭО» ЖШС-ның бас директоры С.Түйтебаев таныстырды. 

Бұған дейін ресейлік компания Қазақстанға экспорттық кредит ұсынып, Көкшетау, Семей мен Өскемендегі ЖЭО-ын салып беруге келісім жасағаны белгілі. 

 Ресей тарапынан төмен мөлшерлемемен кепілдендірілген қаржыландыру бойынша нақты жауап болмаған соң, жұмысты бастау қажеттілігі туындады. Осыған орай кеше ЖЭО-ның құрылысы басталғаны жайлы журналистерге жоба жетекшілері түсінік беріп, құрылыс жұмысын отандық құрылыс компаниясы, ал қазандықтардың  ішкі құрал-жабдықтарын қытайлық компаниямен бірігіп атқаратындарын жеткізді.

Өңір басшысы Марат Мұратұлы шараға қатысушыларды жаңа құрылыстың басталуымен құттықтап:

– Қаламызда тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандар мен ғимараттардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр, қазіргі  аудандық қазандықтардың   жылу қуаты жеткіліксіз. Көкшетаулықтардың көптен күткен  ЖЭО құрылысы  басталды, мерзімді уақытында пайдаға асып, қуанатын күн жақын болсын.   Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ЖЭО құрылысына ерекше көңіл бөлдік. Біз барлық күш-жігерімізді салып, орталықты  уәде етілген мерзімде ел игілігіне беруіміз керек және бас мердігерлер, сіздерге сенім артамын! – деді.   

                                                   Дахан ШӨКШИР

 

01.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16051
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 15914
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31072
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 29714
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33281