Жолдарды қысқы күтіп ұстауға дайындау

Жолдарды қысқы күтіп ұстауға дайындау

Облыс аумағындағы жолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау айрықша бақылауға алынған.

Осыған орай бүгін Қордай ауданына жұмыс сапарымен облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек келіп, ауданның коммуналдық қызметінің қысқы уақыттағы жолдарды күтіп-ұстау маусымына дайындығын көрді.

Аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов және ТҮКШ және АЖ бөлімінің басшысы Ануар Абсейітов қысқы уақыттағы жолдарды күтіп-ұстау маусымына дайындық барысымен таныстырып өтті. Қанатбек Мәдібек коммуналдық қызмет өкілдері мен «ҚАЖсервис» ЖОФ «ДЭУ-34» қызметкерлерімен тілдесіп, қысқы маусымға техникалардың, жұмысшылардың және материалдық-техникалық базаның дайындығын сұрады.

Өз кезегінде коммуналдық қызметкерлер өздерінің қарамағындағы барлық техникаларды және жаңа сатып алынған техникаларды да көрсетіп, таныстырып шықты. Облыс әкімінің орынбасары өткен қыс мезгілінде аудандағы болған дауылды борандарға дайындық жоғары деңгейде болуы керектігін атап өтті.

Жамбыл облысы
20.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 32
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 44
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 362
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 351

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18265
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18122
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33312
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31866
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35600