Желтоқсаншылар жұрт жадында

Желтоқсаншылар жұрт жадында

АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ .

Ұлт намысының алдаспаны болған Желтоқсан көтерілісі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Ел егемендігінің бастауында тұрған осы оқиғаның құрбандары ел есінде болса, қатысушылары арамызда жүр. Сондықтан, сарысулықтар да жыл сайын батырларын еске алып, боздақтардың рухына тағзым етеді.

Желтоқсан көтерілісі бүкіл өзгерістердің бастауы болды. Қазақ жастарының ерлігі - мәңгілік. Ол қазақ халқының рухы өлмегендігін көрсетті. Осы ерлік Қазақстан Республикасының өмірге келуіне, оның Тәуелсіздігіне сеп болды.

Азаттықты ту еткен қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы игі мұраты - Тәуелсіз ел атану болды.

1986 жылғы Алматы алаңындағы Желтоқсан оқиғасы өшпес рухты дәлелдеп, Тәуелсіздікке жол ашты.

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Байқадам, Жаңаарық, Игілік ауылдық округ әкімдері желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қабылдап, әңгімелесіп, ұсыныс- пікірлерін тыңдады. Сый-сияпаттар тарту етіп, құрмет көрсетті.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
14.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594