«Жасыл ел-Таразға» жаңа техникалар табысталды

«Жасыл ел-Таразға» жаңа техникалар табысталды
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен «Жасыл Ел-Тараз» мекемесіне жаңа техникаларды табыстау рәсімі өтті.
Шара барысында сөз алған шаһар басшысы қала тазалығы ұдайы назарда екенін баса айтты.
– «Жасыл ел – Тараз» бүгінде тәжірибесі мол кәсіпорын ретінде қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Айталық, мекеме тарапынан шаһардағы тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, саябақтар мен скверлерді, гүл бақтарын, жаяу жүргінші жолдарын күтіп ұстау, қыс мезгілінде қар тазалау, мұз қатпау үшін жолдарға құм, тұз себу және тал егу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан бірер жылдың бедерінде серіктестікті жаңа техникалармен қамтамасыз ету қолға алынды. Соның нәтижесінде былтыр мекемеге 8 жаңа техника берілді, – деген Бақытжан Әмірбекұлы жеткізілген көліктердің жұмысымен танысып, жүргізушілерімен тілдесті.
Айта кетерлігі, аталған мекемеге бүгінгі табысталған 9 техниканың жетеуі – қоқыс тасығыш «Камаз 65115» маркалы көліктер болса, екеуі – қыс мезгілінде жолдың шетіндегі қарды тазалауға, тиеуге арналған «Амкодор-37» маркалы техникалар.
Тараз қаласының әкімдігі
02.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 32
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 44
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 362
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 206

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18265
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18122
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33312
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31866
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35600