ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ЕНГІЗУ САНАНЫ ӨЗГЕРТЕДІ

ЖАСАНДЫ   ИНТЕЛЛЕКТІНІ ЕНГІЗУ САНАНЫ ӨЗГЕРТЕДІ

Жолдауға қолдау

 

Жаңаны жатырқаудың қажеті жоқ. Түбінде, жасанды интеллект қоғамның барлық саласына дендеп кіретіні сөзсіз. Пайдасы көл-көсір болмаса, бүкіл әлем осы бағытқа қыруар қаржы жұмсап, бәсекеге түсер ме еді?

 

Осыған орай  ағартушылық сипаттағы іс-шараларға зәру жұртшылық арасында  әртүрлі сұрақтардың туындап жатуы да заңдылық. 

Мұның алдында бастау алған цифрландыру ісі қай деңгейге жетті? Экономиканың барлық салаларын қамтыды ма? Тиісті бағдарламасы қалай орындалып жатыр? Оның қоғамдық санаға ықпалы қандай? 

Айталық, мемлекеттік сатып алу, тендер өткізу, жеңімпазын анықтау мәселесінің басы даудан арылмай келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Қаншама лауазым иелері жазаға тартылса да, мемлекеттік қызметтегі жекелеген адамдар айылын жияр емес. «Баяғы жартас – сол жартас» күйінде қалып тұр. Тіпті кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерін дәніктіруге көшкендері де бар. Әрине, бірден бәрін жасанды интеллекті көмегімен басқару мүмкін емес болар. Мұнда адам факторын кемітіп, тіпті жойып, басымдық беретін бағыттар айқындалғаны абзал деп санаймыз. Мысалы, бірінші кезекте жоғарыда айтылған жемқорлық тәуекелі көбірек салаларды көшірсе, тиімділігін көрген жұрттың көзі ашылып, санасы өзгере бастайтын еді. Сонда жаңа тәсіл жалпыхалықтық қолдауға ие болады. Сондай-ақ, жер телімін бөлуде, әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдерді белгілеуде жасанды интеллектінің тиімді жұмысына көз жеткізу қиынға соқпайды.

 

Әрине, міндетті түрде ескеретін жайт бар –  цифрландыруды енгізу барысында жіберілген қателіктердің, одан өзге де түйткілдердің алдын алуға мән беру керек. Азаматтардың жеке деректері базасының қолды болып кетуі оқиғасы көпшіліктің ойын сан-саққа жүгіртіп қойғаны жасырын емес.  Осы сияқты түрлі келеңсіз жағдайдың алдын алмаса, оны болдырмауды қатаң  бақыламаса, көпшілік біліксіздігінен көп зардап шегуі де ықтимал.

 

Ал, жаңадан құрылатын министрліктің жұмысы еліміздің болашағы үшін өте маңызды деп санаймыз. Оны неден бастайды, қандай мақсатты көрсеткіштер белгілейді? Абыройы мен беделі соған байланысты болмақ. 

Дархан МЫҢБАЙ

 

19.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 346
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 489
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 335
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 193

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18249
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18109
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33298
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31849
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35566