Жаралап кетпеші сөзіңменен...

Жаралап кетпеші сөзіңменен...

Нұржан ЖАМАНБАЙ

Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы

Сарыбұлақ а/о, Қарағаш ауылы

 

Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Нұржан Тұрсынбайұлы – елдік рухты, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген белсенді азаматтардың бірі.

Жаркент өңірінің тумасы Нұржан  1985 жылдан бастап зейнет демалысына шыққанға дейін Алматы қаласындағы Безендіру комбинатында абыройлы еңбек етті. Еңбекпен есейген, өмірден мол тәжірибе жинаған ол бүгінде жүрек әлеміндегі сырларын өлеңмен өріп, қаламын қолынан тастаған емес.

Әсіресе, бала көңілін баурайтын, жас ұрпаққа өнеге болатын жырлар жазуды ерекше ұнатады. Оның өлеңдерінен мейірім мен нәзік сезім, туған жерге деген сағыныш пен адамгершілікке үндеген асыл ой айқын аңғарылады.

Бүгінгі нөмірімізде Нұржан бауырымыздың соңғы уақытта жазған бір топ өлеңін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Жырыңыз шалқысын, шабыт шырағыңыз сөнбесін! Деніңізге саулық, ғұмырыңызға ұзақтық, отбасыңызға амандық, шығармашылығыңызға толайым табыс тілейміз. Қаламыңыз қарымды, жырларыңыз жүректерге жол таба берсін!

 

БҮЛДІРШІН 

 

Балаларым балдай, 

Періште дейсің, сондай. 

Тілашарды жасайық,

Мектеп есігін ашайық. 

 

Былдырлаған баламыз, 

Бүлдіршін болып жанамыз.

Біз мектепке барамыз, 

Оқып, білім аламыз.

 

Ата-апа көреген, 

Қуанышқа бөлеген. 

Балаларын елеген, 

Арман жолға жебеген. 

 

Ғарышкер болып ұшамыз,

Шахтёр болып қазамыз, 

Мұғалімде боламыз, 

Бәрін игере аламыз. 

 

Бала тілі – бал шырын, 

Әр сөзі оның жан сырым.

Айтқан сөзін тыңдаймын,

Қылықтарын жырлаймын. 

 

Өсіп жатыр балалар,

Ақылды мен даналар. 

Мен сенемін оларға

Тілін, дінін бағалар.

 

АҚ ТІЛЕК

 

Ата-бабаң аруағы жебеген, 

Бастау алған бәйтерексіз тереңнен. 

Алла берген ұл-қызыңды өсіріп, 

Кенде емессіз ел алдында беделден. 

 

Руың Суан батыр тегінен, 

Жаманбай ұрпағы елінен. 

Тұрсынбайдың баласы

Ержан – ақылшы ағам, кемеңгер. 

 

Мейірімге сан мың мәрте бөлеп ең,

Сіз бар жерде қуанышқа кенелем. 

Сіздей ағам болмағанда, о, Тәңір, 

Кім біледі,  жанып тұрып 

                                       сөнер ме ем?

 

Көмек бердің қолдан келсе аямай, 

Сізге деген алғысым тау толағай. 

Қаңтар айы дүниеге келгенмен, 

Көңілі дарқан, жаны көктем ағам-ай!

 

Өтті айлар, жылжып жылдар арадан,

Өткен күнге жүгірттім ой саралай. 

Маған деген ілтипатың ерекше, 

Әлі күнге еркелеймін баладай.

 

КЕЛІН 

 

Жалт-жұлт ұшқын  жанғанда,

Ұшатын кезің болғанда.

Қанатың қатайып қалғанда,

Жолың болсын самғада!

 

Ата-анаңның елінде,

Гүл болып өстің төрінде.

Келін боп түстің ауылға,

Шыдайсың ыстық  дауылға.

 

Келінге көрімдігін шашайық,

Ата-баба ырымын жасайық.

Екі жас  бақытты боп,

Үйлену тойын жасайық.

 

Ата-анаңа бір сәлем,

Келген халқыңа мың сәлем.

Баталарын алайық,

Бақытқа жол салайық.

 

АУЫЛЫМ МЕНІҢ 

 

Жетісудың көркем жерінде,

Орналасқан Сарыбұлақ.

Жігіттердің мінгені –

Тұлпар менен арғымақ.

 

Ауылым менің Қарағаш,

Бесікте тербеледі балағаш.

Шилісуым – суы балдай мұз,

Жанға шипа, емге балдай тұз.

 

Қаздың суы мен Тесік тас,

Қаз-қаз жүріп, анық бас.

Халқым менің адалды,

Сарыбұлақ ауылынан таралды.

 

Қарабайтал мен Жөңке бай,

Көлтабаным суға бай.

Жіңішке құмда ауыл бар,

Қарсы алатын қауым бар.

 

Таулы қырат жерім сай,

Жусаны мен шөбін-ай.

Желдіқараның ызғарлы желі де

Мақпалдай аялайды жерімде.

 

БІР АУЫЗ СӨЗ 

 

Бір ауыз сөз көңіліңді көтеретін,

Бір ауыз сөз көңіліңді түсіретін.

Бір ауыз сөз қанат қағып ұшыратын,

Бір ауыз сөз көңіліңді өшіретін.

Арамен аралайсың тілің менен,

Бұл жүрек шыдамас бұның менен.

Достарыңды теуіп кеудеден,

Жаралап кетпеші сөзіңменен.

Адамдар сыйлас барыңда,

Жақсы сөз өшпейді жаныңда.

Адамның жүрегі нәзік қой,

Шыныдай сынады, біліп қой.

Достарым қуанышқа жаралған,

Жақсылықты бөліссең мың арман.

Бақытты болып жүрейік,

Достарыма жақсылықты тілейік.

 

МӘҢГІ ЕЛ

 

Бүгін, оһ, шіркін, туған күнім,

Кіндік кесті, сеземін жылағаным.

Туған жердің суымен жуған күнім,

Ана тілімді естіп қуанғаным.

Аталар берсін ақ тілекті,

Ханға қарсы айтатын жүректі.

Айбарлы, ақылды, өжетті,

Күші тасыған батыр білекті.

Халықтың бастарын құрайтын,

Жүрегі елі мен жеріне бұратын.

Мәңгі ел, елтаңба қазақтың,

Туымыз биікте тұратын.

Ел, жерін бабалар қорғаған,

Ұрпағын өнер, білімге баулыған.

Жауларына қырағы қараған,

Салт-дәстүрін мәңгіге балаған.

Аман бол, халқым, аман бол!

 

ҒАШЫҚТАР 

МӘҢГІ ЖАСАСЫН!

 

Бала кезім, бал кезім,

Ойнап күлдім бір өзім.

Ұнатып қалып сол қызды,

Жалындап кетті от сезім.

Гүл-гүл жайнап күлесің,

Ғашықсың, мәңгі сүйесің.

Сүйгенің үшін күйесің,

Елеңдеп күтіп жүресің.

Екі аққу су бетінде тербеледі,

Ол қос ғашықты ел біледі.

Жүрегінен төгіліп сәуле арайы,

Махаббаттан бәрі тарайды.

Бозбала-ай, бозбала,

Жар табу жағын ойла да.

Сүйгеніңмен қосылшы,

Жар-жар тойын тойла да.

Қарақат көзбен қарайсың,

Жұлдыз болып жанасың.

Өмірге нәр беретін,

Ғашықтар мәңгі жасасын!

 

ӘКЕМ

 

Биік шың екен,

Асқар тау – әкем!

Құрметпен сізге

Беремін сәлем!

Адалдық жолын,

Шындық сөзін.

Жұмыс жайын,

Үйреткен сайын.

Үлгілі сөзін

Ұмытпаймын өзім.

Жақсы сөз терген,

Тәрбие берген.

Үлкенге құрмет,

Кішіге ізет.

Жақсылық жаса,

Аласың бата.

 

ШІЛДЕХАНА ТОЙ

 

Шырылдап жырлап,

Келдім мен тулап.

Әнімді төктім,

Сағынып жеттім.

Кіндікті кесті,

Азамат өсті.

Жалындап шықты,

Өссінші мықты.

Құшаққа еніп,

Анасын еміп.

«Бөпем» сөзін

Естідім өзім.

Ардақты балам,

Болсыншы аман.

Несібесі толсын,

Бақытты болсын.

Сағынып күтті,

Шыдамы мықты.

Шілдехана той,

Сойып жатыр қой.

Қуанып әкем,

Бақытты екем.

Дауысын естіп,

Шырқасам ба екен?

 

СҮЙКІМДІ  БӨПЕМ

 

Бесіктегі бала, 

Ниетің таза. 

Ақ сүт беріп 

Өсірді ана. 

 

Өссінші бала, 

Болсыншы дана. 

Тәй-тәй басып, 

Жолы болсын ашық. 

 

Сәбилік үнмен 

Сықылықтап күлген. 

Сүйкімді бөпем, 

Әдемісің көркем. 

 

Бақытты болсын, 

Несібесі толсын.

Қылығы тәтті, 

Жолы болсын сәтті. 

 

Аталар келіп, 

Батасын беріп. 

Қуанып бәрі  

Жас пенен кәрі.

 

ҚАЗАҒЫМ 

 

Қасиетті  елім – қазағым,

Тарттың талай өмір азабын.

Ата-баба ақ жолын,

Жалғастырған қазағым.

 

Ата-баба соғысын,

Жеңіске жеткізген қазағым.

Ел мен жерге тиіссе,

Қаhарланған қазағым

 

1986 жылғы намысты,

Арландарым қазағым.

Елің үшін жан қиып,

Жанын берген қазағым.

 

Егемендік еліне,

Алып берген қазағым.

Елтаңба мен көк туды,

Тігіп берген қазағым.

 

Егемендік елінде,

Ғарышқа ұшқан қазағым.

Бейбіт өмір сүрсін деп,

Армандаған қазағым.

 

ЖАЗДА

 

Таң атады шуақты,

Бәрімізді қуантып.

Мініп алып ат таяққа,

Тыным жоқ аяққа.

Ағам мініп тайына,

Кетеді ол жайына.

Таңнан тұрып ойнаймыз,

Қызыққа еш тоймаймыз.

Шіркін, жаздың ыстығы,

Балалардың жастығы.

Жануарлармен ойнайды,

Олардың жоқ қой қастығы.

Жаздың ыстық желі де,

Аймалайды мені де.

Достарым шақырады,

Ойнап кешті батырады.

 

Сыңғырлаған қоңырау

Әр үйдің ақылдысы, еркесі,

Кітапқа толы екен сөмкесі.

Мектепке қадам басқаның,

Білімге жол ашқаның.

Біз оқыған мектепте,

Жұлдыздар шығады көптеп те.

Сыңғырлаған қоңырау,

Шақырады мектепке.

Алғашқы қоңырау қағылды,

Оқушылар мектепке ағылды.

Білімге талаптанып өседі,

Қиын есептерді шешеді.

Өнер, білім қуасың,

Көп тілді біліп аласың.

Зерттеп әлем аспанын,

Жарқырайсың, жанасың.

Ұстаздарың күлімдеп,

Қарсы алады күлімдеп.

Үйретеді оқу, білімге,

Сабырлық пен тәлімге.

 

31.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Бұл құрылтайда кәсібилік  болмаса, бәрі бекер...
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 06.08.2026 375

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26976
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26429
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43783
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39565
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44144