Заңсыз төленген сыйлықақы мемлекеттік бюджетке қайтарылды

Заңсыз төленген сыйлықақы мемлекеттік бюджетке қайтарылды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен тұрақты негізде мемлекеттік органдардың тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуына талдау жұмыстары жүргізіледі.

         Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызметкерлерге сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларының талаптарымен сыйлықақы беруге құқық беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер белгіленген.

         Қолданыстағы заңнамаға сәйкес алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде немесе тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген болса немесе сынақ мерзімінен өту кезеңінде мемлекеттік қызметшілерге сыйлықақы берілмейді.

         Алайда, жүргізілген талдау нәтижелерімен жергілікті атқарушы органдардың тарапынан мемлекеттік қызметшілерге сыйлықақы беру барысында заңнама талаптары бұзылғандығы анықталған.

Бұл ретте, Департаменттің ықпал ету шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің заңсыз алған жалпы сомасы 3 392 266 теңгені құрайтын сыйлықақылары мемлекеттік бюджетке кері қайтарылды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуы Департаменттің басты назарында.

Р.Шариов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің амбыл облысы бойынша департаментінің басшысы
20.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 352
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 341
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18256
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18114
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31855
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35572