ЖАҢАТАЛАПТАҒЫ ЖҮЗДЕСУ

ЖАҢАТАЛАПТАҒЫ ЖҮЗДЕСУ
 
Бүгін аудан әкімі С.Мамытовтің есептік кездесуі Жаңаталап ауылдық округінде жалғасын тапты. Кездесу барысында аудан басшысы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті: - Тұрақты әлеуметтік - экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру – Біздің маңызды міндетіміз болып табылады.
Жаңаталап ауылдық округінде оң өзгерістер бар. Ауданымызда ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Ауданымыз бұрыннан мал өсіріп, егін егуді негізгі кәсіп түрі еткен. Бүгінде ауданымызда 1 647 шаруа қожалық тіркеліп, оның 1 528 белсенді жұмыс атқаруда. Шаруашылықтарға кәсіптерін жүргізу үшін 533 442 мың гектар жайылымдық, 34 230 гектар шабындық және 25 031 гектар егістік жерлері берілген.
2024 жылы егістік алқаптарының 24 235,6 гектарына дақылдар егіліп, 96,8% игерілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылда атқарылатын жұмыстарға тоқталсам, Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен Жаңаталап ауылына балалар ойын алаңшасы орнатылады және ауылдағы жасыл белдеулерді суару үшін 5 құдық қазылады. Сонымен қатар, Ұйым ауылындағы Б.Сағынтаев көшесінде абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, яғни мерекелік шаралар өткізілетін арнайы орын жасалады және мал емдеуге арналған орын (роскол) соғылады.
Бұдан бөлек, Жаңаталап және Ұйым ауылдарына екі волейбол ойын алаңшасын салу және балалар ойын алаңшасын жөндеуден өткізу жобалары дайын, тиісті жұмыстар атқаратын болады, - деді.
Есептік кездесуден соң Сәкен Үмбетұлы азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдап, мәселелерін тыңдады.Ауыл тұрғындары аудан әкімінің есебіне оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
 
Сарысу ауданы әкімдігі
21.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584