Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу

Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу

“AMANAT” партиясы Жамбыл облыстық штабының мүшелері Әлімбек Жұмабаев мен Керімқұл Бегалиев Қызыларық ауылдық округінің Алатау ауылында құрылысын жүргізіп жатқан 100 орындық мектептің құрылысшылары мен кездесу өткізді.
Кездесуге қатысқан құрылысшыларға штаб мүшелері алдағы өтетін саяси маңызы үлкен референдумның қаншалықты маңызды екендігін атап өтіп, өзгерістер енгізілетін тармақтарына тоқталды.

-Конституцияның жаңарған нұсқасында Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынатынын, сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізілетіні, атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалатынын нақтылып айтып, мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалынып жатыр-, деді штаб мүшелері.

Кездесуге қатысқан құрылысшылар, өз кезегінде облыстық штаб мүшелеріне референдумға қатысты ойларын айтып, ұсыныстарын білдірді.

Кездесуде Керімқұл Бегалиев пен Әлімбек Жұмабаев қатысушыларды 5 маусым күні референдумға қатысып, Конституциялық өзгерістерді қолдауға шақырды.

Жуалы ауданы
17.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 232
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 243
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 506

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18428
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18288
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33474
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32024
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35792