ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА   ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Әне-міне дегенше кезекті оқу жылы басталады. Осыған орай Түркістан облысы әкімдігінде тиісті дайындық жұмыстарын саралауға арналған мәжіліс болып өтті. Әкім орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалық етуімен өткен жиынға білім басқармасы мен төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, аудан, қала әкімдерінің жауапты орынбасарлары онлайн және офлайн форматта қатысты.

Күн тәртібінде дайындықтың негізгі бағыттары қаралды. Мектептердің инфрақұрылымын жақсарту, жөндеу жұмыстары, оқушылардың қауіпсіз әрі жайлы ортада сапалы білім алуына жағдай жасау жөнінде талқыланды, шешуді талап ететін өзекті мәселелер қаралды. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орынов атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндама жасады. Ол 2024-2025 жылдары өңірімізде «Келешек мектептері» жобасы аясында 29 білім ұясының құрылысы жоспарланып, оның ішінде 13-і былтыр пайдалануға тапсырылғанын айтып өтті. Биыл қалған 16 жайлы мектеп салынып жатыр. Сондай-ақ, Түркістан облысында 2025 жылы 41 мектеп реновация тізіміне енгізілген. Олардың бірқатарының жөндеуі 2026 жылға өтпелі. Басқарма басшысы өндірістік кестеден тыс қалып жатқан білім нысандары мен кемшілікке жол берген аудан, қалаларды атап өтті. Лицензия алу және материалдық-техникалық базамен қамту жайы да сөз болды. Жауапты әкім орынбасарлары бүгінгі ахуал туралы түсіндірме берді. Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша ақпаратты ортаға салды.

– Шешілуі керек алғашқы мәселе – жөндеу жұмыстарының мерзімінде аяқталып, ғимараттардың қолданысқа тапсырылуы. Аудан және қала әкімдіктері мұқият қадағалауға алуы тиіс. Тозығы жеткен мектептерді ретке келтірудеміз. Мектеп тапшылығын жою үшін жаңа білім ошақтары салынуда. Қажет қаражат қарастырылған. Бақылауға не кедергі? Жанашырлықпен қараңыздар! Өйткені осы нысандарда ауыл балалары білім алады. Ұстаздар сабақ береді. Жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады. Өзім апта сайын құрылыс алаңдарына барып, мердігер мекеме басшыларымен кездесіп, ескертулер беріп, тапсырмалар жүктеудемін. Сіздер де жауапкершілікпен қарап, зерделеңіздер. Сондай-ақ «Келешек мектептері» мен өзге де білім беру ұйымдарына техникалық қызметкерлерді тек Мансап орталықтары арқылы жұмысқа қабылдау бірнеше рет айтылды. Орталықта тіркелген жұмыссыз азаматтарды тарту, Д және Е санатындағы адамдарды жұмысқа қабылдау, жалпы коррупциялық әрекеттердің алдын алу керек. Көтерілген барлық мәселелер облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының назарында тұр. Жаңа оқу жылына дайындықты ұйымдастыруға шұғыл кірісіңіздер, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Жиында кезекті оқу жылына дайындықты жүргізуге жауаптылардың есептері тыңдалды, ұсыныс-пікірлері сараланды. Тапсырмалар хаттамаға енгізілді. Қозғалған мәселелер бақылауға алынды.

 

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ
14.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584