ЖАМБЫЛДА ЖИ АРҚЫЛЫ ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ЕРТЕГІСІ ЖАСАЛДЫ

ЖАМБЫЛДА ЖИ АРҚЫЛЫ ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ЕРТЕГІСІ ЖАСАЛДЫ

Өткен жылы өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өткен «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы аймақта тұңғыш рет Жасанды интеллект арқылы қазақ ертегісін жасап шықты.  Бұл телеарна дизайерлерінің күнделікті жұмыстардан бөлек, заман талабына сай бейімделіп, республикалық арналарда қолға алына бастаған ЖИ –пен жұмыс істеу бағытына бет бұруы. Күні кеше Президент те Ұлттық Құрылтайда осы салаға мән беру керектігін айтқан еді.  Осыған байланысты да «JAMBYL» телеарнасы кішкентай көрермендері үшін ертегілер әзірлеуді қолға алды. Бүгін біз алғаш рет Жасанды интеллекттің көмегімен дайындалған анимациялық қазақ ертегісін ұсынамыз. Кішкентай тышқан мен алып арыстанның достығы туралы бұл хикая –кішкентай көрермендеріміз үшін тамаша тарту. Әрбір кадр – шығармашылық пен интеллекттің үндесуі. Әрбір көрініс – үміт пен сенімнің бейнесі», – деп айта аламыз. Енді арманды бейнелеу үшін тек қиял ғана емес, жаңа технология да бірге жұмыс істемек. Жалпы, «JAMBYL» телеарнасында бүгінде 67 адам еңбек етеді. Тұрақты түрде 33 хабар көрерменге жол тартса, оның 70 пайыздан астамы өзіндік өнім болып табылады. Телеарна аптасына бес рет түрлі форматта тікелей эфирлер ұйымдастырса, күнделікті «Айқын Ақпарат» жаңалықтар бағдарламасы 3 рет тікелей эфирден көрсетіледі. Жағымды жаңалық көп болсын! «JAMBYL» телеарнасын қарай жүріңіздер!

Жамбыл облысы
29.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 352
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 341
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18256
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18114
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31855
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35572