ЖАМБЫЛДА ТИІМДІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ЖАМБЫЛДА ТИІМДІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Күні кеше Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек БАҚ өкілдерімен брифингте жолығып атақырылп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жамбыл облысының отын-энергетика кешендерімен алдағы жылыту маусымына дайындық шараларына жалпы 15,3 млрд. теңге қаралды.

Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 350,7 шақырым. Олардың тозу деңгейі — 55,5% болып отыр.

7,1 млрд. теңгеге Тараз қаласындағы М-1 жылу магистралын (10,6 млрд. тг, 6,1 шқ) қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл жоспарлы 6,1 шқ жылу желілерінің 4,6 шқ ауыстырылады.

Сондай-ақ, Қаратау қаласының 3,9 шқ (342,5 млн. тг) және Жаңатас қаласының 700 метр жылу желілері (148 млн. тг) қайта жаңарды.

Қаратау қаласындағы резервтік мазут шаруашылығын (653,9 млн. тг) және жеке қазандығын қайта жаңғырту (680,8 млн. тг), Жаңатас қаласының орталық қазандығын мазут-газбен жұмыс істеуге ауыстыру (4,2 млрд. тг) іске асырылуда.

Бұл жобаларды тиімді аяқтау үшін облыс әкімі Ербол Шырақбайұлының қолдауымен қаржы мәселесі шешілді.

Алдағы жылыту маусымына Жаңатас қаласының жылу  қазандығына 11,9 мың тонна мазут алуға қажетті 1,6 млрд. теңге облыстық бюджеттен берілді.

Жылыту маусымында тұрғындар 145,0 мың тонна көмір тұтынады. Ал, бюджеттік ұйымдардың көмір тұтыну жоспары 63,0 мың тн.

Бүгінгі күнге бюджеттік ұйымдарға 38,4 мың тонна көмір жеткізілді.

Жамбыл облысы
04.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 57
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 66
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 370
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 357

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18270
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18128
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33318
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31872
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35610