ЖАМБЫЛДА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ЖАМБЫЛДА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Тараз қалалық №2 емханасына қарасты Жамбыл облыстық жастар денсаулық орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
✅ №2 қалалық емханасда 2013 жылы ашылған «Жан-Нұр» жастар денсаулық орталығы енді облыс көлемінде 10-29 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайту барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға кешенді медициналық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсететін орталыққа айналды.
Сондай-ақ орталық Жамбыл облысын қамтитын барлық аудан жастарына және облыстық деңгейде барлық емханаларға қарасты жастар денсаулық орталықтарына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсететін болады.
❗️Оның ішінде, отбасын жоспарлау, маскүнемдік пен нашақорлықтың, адамның иммун тапшылығы инфекциясының, эмоционалдық көңіл-күйлерінің, күйзелісті және құлазу жағдайларының, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп, құқықтық кеңестер беріледі.
Орталықтың көрсететін қызметтері: тренинг, дөңгелек үстелдер, сұрақ-жауап кештері, әңгімелесу, акциялар мен байқаулар, лабораториялық тексерулер, әлеуметтік сауалнамалар, ЭКГ, дәрігер-гинеколог, уролог, дерматовенеролог мамандарының қабылдауы, сондай-ақ заңгер кеңесі де беріледі.
✅Мұнда көрсетілетін барлық медициналық-әлеуметтік қызмет тегін және қажет жағдайда құпия түрде көрсетіледі.
Орталықтың ашылу салтанатына келіп, орталықтың алдағы уақытта атқаратын міндетін саралап шыққан денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев қиын жағдайда қайырылғандарға әлеуметтік-психологиялық көмектің дер кезінде және дұрыс берілуі – өте маңызды екендігін атап өтті. Сондай-ақ, орталық жұмысына сәттілік тілеп, емхананың бас дәрігері Жеңіс Тойшыбековаға жаңа бөлімше бойынша тиісті тапсырмалар берді.
18.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 232
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 243
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 506

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18428
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18288
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33474
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32024
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35792