Жамбыл облысында өнеркәсіптік мақсатта ұлуларды өсіру қолға алынады

Жамбыл облысында өнеркәсіптік мақсатта ұлуларды өсіру қолға алынады

Итальяндық «Lumacheria Italiana» компаниясы Жамбыл облысында биылғы жылы өнеркәсіптік мақсатта ұлулар өсіруді қолға алуды жоспарлап отыр.

Облыс әкімінің кеңесшісі Дәулетқожа Мамыровпен өткен кездесуде компания өкілдері Жамбыл облысы қолайлы климаттық жағдайлармен қамтамасыз етілгенін атап өтіп, бұл өнеркәсіптік бағытта ұлуларды әлемдік нарыққа қарағанда 4 есе арзанға өсіруге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Аталған жоба жергілікті «Meragro» компаниясымен бірлесіп іске асырылатын болады. Итальяндық компания жобаны бірнеше кезеңге бөлуді ұсынды. Атап айтқанда, облыс аумағында ұлулар өсіруді жолға қою, инкубатор салу, олар үшін жем-шөп өндірісін бастау және ұлу етін өңдейтін кәсіпорын салу кезеңдерін қарастырып отыр.

Жоба бойынша алғашқы кезеңдерде инвестиция көлемі 2 млн. еуродан асады. Бастысы, компания жергілікті шаруаларды оқытуға дайын.

Жалпы, косметологияда ұлулар шығаратын қабық пен кілегей шырыш қолданылады. Ал, ұлу еті – бұл ерекше өнім және ол әлем елдерінде үлкен сұранысқа ие.

Айта кетейік, Жамбыл облысы Орталық Азия бойынша ұлуларды алғаш рет өнеркәсіптік өсіретін өңір атанбақ.

Ал, «Lumacheria Italiana» компаниясы ұлулар өндірісінде әлемдік көш бастап тұр.

Жамбыл облысы әкімдігі
21.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 85
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 93
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 391
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 241

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18290
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18150
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33341
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31891
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35634