Жамбыл облысында минералды ауызсу шығаратын зауыт іске қосылды

Жамбыл облысында минералды ауызсу шығаратын зауыт іске қосылды

​Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Рахым Сәбденов ауылында сағатына 3 000 литр минералды ауызсу шығаратын зауыт іске қосылды.
​Шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов пен ауыл тұрғындары қатысып, өндіріс ошағының жұмысымен танысты.
Аталған жобаға «Парус-Т» ЖШС-сы 200 млн. теңге инвестиция салған.
​Жоба екі кезеңде жүзеге асырылды. 2023 жылы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. 2024 жылы қытайлық білікті мамандар кәсіпорынды іске қосу жұмыстарын жүзеге асырған.
​Құрылыс жұмыстарына 30 адам тартылған. Өндіріс іске қосылғаннан кейін 15 тұрақты жұмыс орны ашылады.
​Минералды ауызсу «Бай тал» атауымен нарыққа жол тартады.
​Айта кетейік, Т. Рысқұлов ауданында жалпы құны 16,1 млрд. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар 500 жұмыс орны құруға мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы әкімдігі
17.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584