Жамбыл облысында мал саны өсіп, ет өндірісі артты

Жамбыл облысында мал саны өсіп, ет өндірісі артты

Жамбыл облысы бойынша статистика департаментінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ірі қара мал басы өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 5,5 пайызға, қой мен ешкі 4,6, жылқы саны 7,3 және құс 1,9 пайызға артқан.

Салалық басқарманың ақпаратына сәйкес, ауылшаруашылық жануарлары негізінен жеке кәсіпкерлерде немесе шаруа қожалықтарында шоғырланған. Атап айтқанда, оларда өңірдегі түйенің жалпы санының 63,8 пайызы, жылқының 48,5, қой мен ешкінің 59,4 пайызы өсірілуде.

Ірі қара мал басының 51 пайызы шаруа қожалықтарында шоғырланған. Ал, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында шоғырланған құс басы оның жалпы санының 54,9 пайызын құрайды.

2022 жылмен салыстырғанда өткен жылы барлық түр бойынша тірідей салмақтағы ет өндірісі 2,8, сойылған күйіндегі салмақтағы ет өндірісі 3,4 пайызға артқан.

Жамбыл облысы әкімдігі
09.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 96
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 101
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 395
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 693

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18294
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18156
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33345
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31896
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35640