Жамбыл облысында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Жамбыл облысында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні қарсаңында Талас ауданы Ойық ауылында 400 орындық денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Спорт кешенінің құрылысы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілді. Ғимаратта спорттың 4 түрімен (бокс, күрес, волейбол, футбол) шұғылданып, бос уақытты тиімді өткізуге болады. Ауыл балалары мен жастарына бағыт-бағдар беру үшін тәжірибелі 4 жаттықтырушы қарастырылған.

- Талас - ақындар мен батырлардың өлкесі. Ел намысын еселеп жүрген спортшыларда осы қасиетті топырақтан түлеп ұшқан. Жаңа спорт кешенінен де болашақ чемпиондар шығатынына сеніміміз зор! – деген аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков балаларға сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, облыста 15 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бүгінге дейін бес спорт кешені мен 103 спорт алаңшасы ашылды. Жыл соңына дейін тағы 5 спорт нысаны қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Бюджеттен тыс 880 млн. теңгеге 4 спорт нысаны бой көтерді, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен 2 модульдік спорт залын ашу жоспарда бар.

Биыл халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 68,3 пайызды (2023 ж. – 64,9%), денешынықтыру және спортпен шұғылданатын халықтың үлесі 41,2 пайызды (2023 ж. - 40,2%) құрады.

Жамбыл облысы әкімдігі
14.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594