Жамбыл облысында білім беру ошағы пайдалануға берілді

Жамбыл облысында білім беру ошағы пайдалануға берілді

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Түктібай ауылында М. Әуезов атындағы №12 орта мектеп қайта жаңғыртылып, балалар игілігіне берілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Жалғас Мұртаза қатысып, ауыл халқын құттықтады.

150 орындық білім ошағының күрделі жөндеу жұмыстарын, сондай оқу кабинеттері, асхана мен спортзалдың қосымша құрылысын «Бином» ЖШС мерзімінен бұрын аяқтады.

Мектепте балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Физика, химия, биология кабинеттері заманауи оқу құралдарымен жабдықталған.

Жуалы ауданында барлығы 73 білім беру мекемесі бар.

Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 14 білім нысанының қолданысқа берілді. Оның ішінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 3 нысан ашылды.

10 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған 14 жаңа автобус сатып алынды.

Жамбыл облысы әкімдігі
28.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584