Заман – мерген, адам – бүгін құралай…

Заман – мерген, адам – бүгін құралай…

О, өлеңнің падишасы, королі,

мойындаған сені ойдың әлемі,

даналықтың асқарына шықтың сен,

болып жүрек жұлдыздан да дәмелі.

 

О, өлеңнің қолбасшысы, королі,

қазір сөздің кетіп-ақ тұр мәнері,

оқымайды жылап жазған жырыңды,

кей адамдар «ақ киімді, денелі».

 

Тіршіліктің арбасына дөңгелек

болды жырың, барады әне дөңгелеп,

түсінгенге ақыл-ойдың шыңысың,

шыңға шығу оңай емес өрмелеп.

Жылдар өтті, күндер жетті сырғанай,

Заман – мерген, адам – бүгін құралай, 

мыңмен жалғыз алысатын қаймықпай,                   

бұл заманға керек боп тұр бір Абай.

 

Ей, қажының өлең сіңген қара ұлы,

қазақты әлем сен арқылы таныды,

әлі күнге сәуле шашып тұрғандай,

өзің жаққан жыр отының жарығы.

 

Поэзия – шалқып жатқан көк майса,

Ми – өнімді көп береді  тыңайса,

жазу керек ақындарға Абайша,

ал, Абайша жазу керек  қалайша?!

Жаза алмадық, ұмтылсақ та 

                                            құлшынып,

бізге сырын ашпай жатыр тіршілік,

тұңғиықтан жыр маржанын терем деп,

демі жетпей қалғандар

                                      көп тұншығып.

 

Жылдар өтті, күндер жетті сырғанай,

Заман – мерген, адам – бүгін құралай,

мыңмен жалғыз алысатын қаймықпай,                   

бұл заманға керек боп тұр бір Абай.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК

 

07.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 352
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 341
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18256
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18114
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31855
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35572