Ұлы ақынның есімі ұлықталды

Ұлы ақынның есімі ұлықталды

10 тамыз – Абай күніне және қазақтың ұлы ақынының 180 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. 

Бұл күні ұлы ағартушының ескерткішінің жанында ертемен өткен салтанатты жиынға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, басқарма басшылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты. Өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы өз сөзінде Абай Құнанбайұлының даналық ойлары қай заманда да маңызын жоймайтынын атап өтіп: 

– Абайдың рухани мұрасы – бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін баға жетпес бағдар. Абай – даналықтың, адамгершіліктің және білімге ұмтылудың символы. Ұлы ақынның сөзі мен идеялары әлі де өзекті, ол бізді өрлеуге, ұлттық рухты нығайтуға және мәдени құндылықтарды сақтауға шабыттандырады, – деді. 

Рухани тағылымы мол болған іс-шарада әдебиетке құштар жастар Абай ақынның шығармаларын оқыса, өңірдің өнерпаздары халық арасында танымал әндерін орындады.

Ұлы ақынның есімін ұлықтау шарасы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында мерекелік концертпен жалғасты. Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының ұжымы ұйымдастырған өнер кешінде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев халқының ұлы тұлғасын құрметтеу тарих пен тағылымға деген адалдық екенін айтты. Концерттік бағдарламада филармония әншілері Абайдың сыршыл әндерін әуелетіп, «Абай» операсынан үзінділер орындап, композициялық қойылымдар көрсетті. Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі ұжымы күмбірлеген күйлерімен көрерменнің жүрегін тербеді. Кеш соңында өнер иелеріне облыс  әкімінің  атынан ықылас гүлі табысталды.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы

 

14.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16590
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16445
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31627
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30236
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33838