Ұлттың ұлы ұстазына арналған айтыс

Ұлттың ұлы ұстазына арналған айтыс

Республика күніне арналған аймақтық айтыс «Көкшетау» мәдениет сарайында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлттың ұлы ұстазы»  тақырыбында өтті. 

Жыр  додасына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облысы және  Астана қаласынан суырыпсалма, сөзі ұтқыр деген 10 ақын қатысты.  

Айтысты  ақын, айтыскер Арман Бердалин жүргізді. Бас жүлдені Батырлан Сағынтаев (Қостанай облысы), І орынды Ақбота Манарбекқызы (Астана қаласы) ІІ орынды Ерлан Дәулет (Ақмола облысы), ІІІ орынды Нұртілеу Төленбек (Астана қаласы) еншіледі.

Барлық айтыскер ақындарға ұйымдастыру алқасының дипломдары мен естелік кәдесыйлары табыс етілді.

Сондай-ақ, Республика күні қарсаңында Көкшетауда журналист, жазушы, жерлесіміз Жабал Ерғалиевтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Ел ардақтаған Жабал шешен»  атты ақындар айтысы өтті. 

Айтысқа Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарынан және Қарағанды мен Астана қалаларының жас ақындары қатысып, айтыссүйер қауымға Жабал ағамыздың еңбегі мен шығармашылығын, атқарған игі істерін жырға қосып, мадақтады. 

Бас жүлдені Абзал Қабдраш (Павлодар), І орынды Нартай Тілеуқұл (Астана қ.), ІІ-ІІІ орын Хабдолла Бейісхан (СҚО) мен Тоба Өтепбай (Қостанай) жеңіп алды.  Ал Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының сыйлығы  Аршалы ауданының ақыны Құрмет Құралхан мен ерейментаулық Жаңылжан Жолдымұратқа бұйырды. 

 

Дахан ШӨКШИР
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 120
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 125
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 411
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 250

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18315
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18177
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33364
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31915
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35665