«UILI BOLAYIK» қаржы пирамидасы болып шықты

«UILI BOLAYIK»   қаржы пирамидасы болып шықты

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «UILI BOLAYIK» (Үйлі болайық) атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Бұл туралы 8 шілде күні ҚМА-ның сайтында хабарланды. 

Әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы ретінде бүркемеленген бұл жоба аясында ұйымдастырушылар қатысушыларды мүлікті пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады деп сендірген. Қатысушыларға салған қаражаты үшін ай сайын 15-30% көлемінде табыс және әр жаңа тартылған адам үшін 10% бонус уәде етілген. Азаматтардың қаражаты екінші деңгейлі банктердегі ұйымдастырушылардың жеке шоттарына аударылып отырған, ал «UILI BOLAYIK қайырымдылық қорының» есепшоттары іс жүзінде пайдаланылмаған және қозғалыссыз қалған. Нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 515 салымшы тартылып, 50 млн теңгеден астам қаражат жиналған. Сот санкциясымен күдіктінің банктік шоттарына тыйым салынды. Оған қатысты елден шығуға тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
11.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 351
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 340
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18254
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18113
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33303
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31854
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35571