ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ОКСФОРДТЫ БАҒЫНДЫРУДА

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ОКСФОРДТЫ БАҒЫНДЫРУДА
Ұлыбританияның Оксфорд қаласындағы, Оксфорд университетінде Орталық Азия елдеріне арналған бірінші IBC симпозиумы өтті. Бұл симпозиум Ұлыбританияның Оксфорд университетінің IBC директоры, профессор Харис Кхвадж, Қазақстан бариатриялық және метаболикалық хирургия қоғамының президенті, профессор О. Оспанов төрағалығымен ұйымдастырылды.
Халықаралық жиынға Орталық Азия елдерінен бөлек, Түркия, Иран және Грузия елдерінің өкілдері қатысты. Маңызды шараға Түркістан облысының білікті дәрігерлері барды. Нақтырақ айтқанда, Облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері м.ғ.к. Ж. Дильдабеков, асқазан ішек және эндокриндік органдар бөлім меңгерушісі А. Нурашев, хирург дәрігері Қ.Сұлтанов, Астана қаласынан «Профессор Орал Оспановтың хирургия орталығы» хирург дәрігері Г. Дуйсенов қатысып, тәжірибе алмасты.
Симпозиумда сөз алған Облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері м.ғ.к. Ж. Дильдабеков семіздікпен күресу жолында «Неліктен біз FundoRing әдісін Түркістан өңірінде қолдануды таңдаймыз және осы таңдаудың негізгі себептері қандай?» тақырыбында баяндама жасады. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Жиын барысында IBC директоры, профессор Харис Кхваджа бұл отаның тиімділігіне жоғары баға беріп өтті. Осылайша, өңір дәрігерлері шет елдердің үздік мамандарымен тәжірибе алмасып, білімдерін шыңдауда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
21.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584