ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРДЫ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ БАҒЫТТА ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ САРАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРДЫ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ БАҒЫТТА ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ САРАЛАНДЫ
Түркістан облысында азаматтарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу мәселелері қаралған мәжіліс өтті. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың қатысуымен өткен жиында әскерге шақыру науқанына дайындық жұмыстарының барысы, жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу жұмысының тиімділігі және алдағы жоспарлар талқыланды. Мәжіліске бейне-селекторлық байланыс арқылы аудан, қала әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша олыстың қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Қ. Кулумбаев, Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің орынбасарлары Б.Ахметов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның басшысы Е.Бектаев, аудан әкімдерінің орынбасарлары баяндама жасады. Облыс әкімінің орынбасары жұмысты нашар ұйымдастырған аудан, қалалардағы жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, өңірде әскерге шақыру науқаны бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру керектігін жеткізді.
– Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. Сондықтан жастарға Отан алдындағы парызды түсіндіріп, жігерлендірген жөн. Аудан, қала әкімдері мен жауапты басшылар патриоттық бағыттағы идеологиялық жұмыстарды жандандыру, әскерге аттану науқанын сапалы жүзеге асырып, жауапкершілікпен қараулары тиіс. Жұмысты бірлесе жандандырыңыздар. Осыған байланысты өз тараптарыңыздан ұсыныс беріңіздер, – деген облыс әкімінің орынбасары жастарға әскери борышын өтегендер үшін жоғары оқу орнына түсудегі және өзге де жеңілдіктер туралы түсіндіру керектігін айтты.
Басқосуда ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Жиынды қорытындылай келе облыс әкімінің орынбасары шақыру науқанын сапалы ұйымдастырып, жастарды отаршылдыққа баулитын іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру жөнінде тапсырма берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
04.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584