ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 56 АЗАМАТҚА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

 ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 56 АЗАМАТҚА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

 

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Түлкібас ауданында 56 азамат баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Тұрғындарды аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсембаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек қоныс тойларымен құттықтап, кілттерін табыс етті.
✔️Аталған пәтер кілттері кезекте тұрған 11 жетім балаға, 16 көпбалалы анаға, 19 осал топтағы азаматқа, 9 бюджеттік мекеме қызметкеріне және 1 апатты үй тұрғынына табысталды. Солардың қатарында 11 баланың анасы Молдашова Салтанат та бар. 1983 жылы дүниеге келген Салтанат ханым Машат ауылдық округіне қарасты Қызылбастау ауылында 9 жылға жуық уақыт жалдамалы пәтерде тұрып келген. Міне, бүгін мемлекеттік қолдау арқылы жаңа 3 бөлмелі баспанаға қол жеткізіп отыр.
Аудан әкімі зиялы қауым өкілдерімен бірге көпбалалы анының пәтерінде болып, қоныс тойымен құттықтады. Сыйлық табыстады, ақсақалдар ақ батасын берді.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
21.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 352
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 341
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18256
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18114
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31855
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35572