ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында спорт кешендері бой көтеруде. Осы ретте аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, Құрама елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстары барысын бақылады.
Аудан әкімі спорт нысанының ауыл үшін маңызы зор және оның сапалы салынуы басты шарт екенін атап өтіп, құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтіп, уақытылы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертті. Сонымен қатар жауапты сала басшыларына осы жұмыстарды үнемі назарда ұстауды тапсырды.
Айта кетсек, бүгінде нысанның темір колоннары мен темір конструкцияларының сырлау, нысанның сыртқы сэндвич панелін орнату жұмыстары, сонымен қатар екінші қабатқа көтерілетін баспалдақтарына және нысанның ішкі еденіне бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында жалпы 22 құрылысшы жұмыс істеп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
23.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 57
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 66
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 370
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 512

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18270
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18128
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33318
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31872
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35610