
Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қайрат Елібаевтың айтуынша, 6 ай нәтижесінде салықтық түсімдер бойынша жоспар 105,9 млрд. теңге болса, бюджетке нақты түскені 121,5 млрд. теңге. Яғни, 15,6 млрд. теңгеге артығымен орындалған (114,7%). Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 11,6 млрд. теңге болса, 14,6 млрд. теңге түскен. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің жоспары 1,8 млрд. теңге болса, нақты түскені – 3,1 млрд. теңге. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзіндік кірістердің орындалуы бойынша өсім 15,3%-ға жетті. Есепті кезеңге жоспар 19,9 млрд. теңгеге артығымен орындалған. Оның ішінде табыс салығынан 8,9 млрд. теңге, әлеуметтік салықтан 1,6 млрд. теңге, меншік салығынан 3,8 млрд. теңге, тауарлар мен қызметтерге салынатын ішкі салықтардан 795,7 млн. теңге, міндетті төлемдер есебінен 403,3 млн. теңге қазынаны толықтырған.