ТҮРКІСТАН: 14 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫ ҚЫЗ ДОМБЫРА ЖАСАЙДЫ

ТҮРКІСТАН: 14 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫ ҚЫЗ ДОМБЫРА ЖАСАЙДЫ
Түркістандық 14 жасар оқушы қыз домбыра жасайды. Келес ауданы N47 Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Кәусар Сүндетқұл жас кезінен еңбекқор. Көп балалы өнерлі отбасында өсіп жатқан Кәусар атасына көмектесіп домбыра, қобыз, ұлттық жәдігерлер мен қолөнер бұйымдарын жасайды.
– Менің атам 20 жылдан бері қолөнермен айналысады. Атамның кішкентай кезінен қасында жүріп, жасаған заттарына ұлттық оюды бедерлеп, кейде өзім де түрлі бұйымдар жасаймын. Маған бұл қатты ұнайды. Сабақтан кейін үйге қарай асығамын, бос уақытымды тиімді өткізгім келеді. Мектепте көркем еңбек пәні қатты қызықтырады, – дейді талантты оқушы.
Атасы мен немересінің жасаған қолөнер бұйымдары, домбыралары түрлі көрмелерге қойылған. Ауыл тұрғындары арасында да сұранысқа ие. Жас шәкірттің өзі оқуда озат, түрлі деңгейдегі байқауларда жеңіс тұғырынан көрініп келедІ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
10.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 32
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 44
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 362
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 505

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18265
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18122
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33312
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31866
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35599