Түлектер грант конкурсына жалған сертификаттар тапсырған

Түлектер грант конкурсына жалған сертификаттар тапсырған

Ұлттық тестілеу орталығы биыл грант конкурсына құжат қабылдау барысында жалған сертификат ұсынған 10 түлекті анықтады.

Орталық сертификаттың түпнұсқалығын анықтайтын бірегей QR коды бар екенін еске салды, демек жалған құжат қайтсе де анықталады.

Мұндай заңсыз әрекет үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. «Мына сертификатта QR-код ашылмайды, сондай-ақ сандар әр түрлі шрифтпен, әр түрлі көлемде жазылған. Сертификаттарды қолдан жасауға тырысудың барлық жағдайы тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады», делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.

Айта кетейік, ҰБТ сертификаты app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетте, certificate.testcenter.kz сайтында және eGov электрондық үкімет порталында қолжетімді.

Egemen.kz. Дана МЫРЗАҚАДІР
23.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 57
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 66
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 370
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 512

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18270
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18128
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33318
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31872
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35610