ТОҚЫМА-МАТА ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫ САЛЫНАДЫ

ТОҚЫМА-МАТА ӨНДІРІСТІК  БАЗАСЫ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы – еліміздегі мақта өсірумен айналысатын жалғыз аймақ. Облыста тоқыма өндірісін дамытуға мүмкіншілік мол. Бүгінде аймақта мақта және тоқыма кластерін дамыту жолға қойылған. Таяуда облыс әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік ірі компанияның бас директорымен кездесті. Кездесу кезінде мата өндіру, киім тігу саласында инвестициялық жобаны жүзеге асыру жайы жан-жақты талқыланды. Облыс басшысы өңірде мақта-тоқыма кластерін дамытуға аса басымдық берілгенін айтып, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. 

– Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін құруды қолға алдық. Қазіргі таңда мақта өңдеудің толық циклін қамтитын ірі жобалар жүзеге асырылуда. Сіздер ұсынған жобаларды да зерделеп шықтық. Өңір экономикасына тиімді жобаларды қолдауға әрқашан дайынбыз. Құжаттандыру жұмыстарын сүйемелдейміз. Шарттарымыз да бар. Талаптарды белгілеп, жіті зерделеп, меморандум жасаймыз, – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Аталған жоба аясында жіп иіру желілерін, сондай-ақ, джинсы маталарын шығаратын, киім тігетін өндіріс желілерін іске қосу жоспарланған. Ол үшін Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағынан 20 гектар жер қарастырылуда. Тоқыма өндірістік базасы үш кезең бойынша жүзеге асырылмақ. Бірінші кезең – роторлық иіру өндірісі, екінші кезең – сақиналы иіру өндірісі, үшінші кезең – джинсы мата өндірісі. Өндіріс желілерінің құрылысын осы үш кезеңде жүзеге асыру көзделген.

Компания басшысы барлық өңірлер арасынан таңдауы Түркістанға түскенін айтып, жіп иіру және мата шығару бағытындағы жетістіктерімен бөлісті. Жоғары сұранысқа байланысты киім-кешек тігетін зауыт салуды да жоспарлап отырғанын айтты. Құрылыс жұмыстарын биыл бастауға және 1 кезең бойынша жұмыстарды келесі жылы аяқтауға ниетті екенін жеткізді. 100 пайыз жергілікті мақтаны пайдалана отырып, өнімді Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде экспортқа бағыттау, соның ішінде Орталық Азия, Ресей және Еуропа нарығына шығару көзделуде. 

 

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ
14.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 351
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 340
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18255
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18114
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31855
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35572