ТӨЛЕБИДЕ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТӨЛЕБИДЕ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
 
Түркістан облысында Мемлекет басшысының инвестиция тарту бағытындағы тапсырмасына байланысты қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Осыған орай Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Қытай инвесторларымен кездесті.
✔️Басқосуда аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм саласындағы әлеуетін баяндады.
✔️Сонымен қоса, инвесторлар Түркістан облысында бірқатар маңызды жоспарлардың жүзеге асып жатқанын айтып, инвестициялық жобаларымен таныстырды.
✔️Қазіргі таңда инвесторлар Түркістан облысында аквапарк пен бес жұлдызды қонақүй құрылысын жүргізуді қолға алуда.
Вэйнань қаласының инвесторлары Түркістанға инвестиция салуға қызығушылық танытуда. Осыған орай Қытайдың «Вэйнань қаласының Қазақстандағы инвестициялық сауда қауымдастығы» құрылды. Бүгінгі таңда облыс аумағында бейнебақылау камераларын шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр.
✔️Жүздесуде пилоттық жоба ретінде бірқатар ұсыныстар айтылып, аудан әкімі инвесторларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
04.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 352
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 341
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18256
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18114
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31855
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35572