ТӨЛ АЛУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

ТӨЛ АЛУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Көктем келіп, төрт-түліктің төлдеп жатқан кезі қазір. Қытымыр қыс ақұлпа ақпаннан соң сақпан басталып, бүгінде қой қоздап, түйе боздап, қорада шу болып жатқан шақ. «Мал өсірсең қой өсір, оның өнімі көл-көсір» дейтін ағайын шығынсыз төл алу үшін уақытын да, күш-қайраттарын да аяп жатқан жоқ.
Аймақта биыл мал төлдету науқанына 3 205 269 бас саулық, 219 827 бас сиыр, 74 843 бас бие, 4 119 бас інген түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 1 646 255 басқа артты.
Бүгінгі күні шаруашылықтардағы төрт-түліктен 466 523 бас қозы, 65 537 бас бұзау, 13 421 бас құлын, 677 бас бота алынды.
Қазіргі уақытта төл алу науқаны жалғасуда. Барлық агроқұрылымдарда науқанға алдын-ала дайындық жасалып, қажетті шаралар белгіленген. Шалғайда орналасқан шаруа қожалықтары қосымша жұмыс күшімен, қажетті мал азығымен толық қамтамасыз етілген.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы
12.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 169
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 180
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 454
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 269

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18359
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18223
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33408
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31961
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35723