Тараздықтар көрісу күнін кең көлемде атап өтті

Тараздықтар көрісу күнін кең көлемде атап өтті
14 наурыз – Көрісу күніне орай Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің алаңшасында арнайы іс-шара өтті. Жиынға қала әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысты.
Мерекелік мәнге ие болған атаулы күннің маңызын өңірдегі қолөнер шеберлерінің көрмесі мен сауда-саттық жәрмеңкесі көріктендіре түсті.
Шара барысында көпшілік қол алысып құшақтасып, ақ тілектерін жаудырса, қариялар баталарын берді.
Жиналған халық «Дулати» халықтық студенттік жастар театрының театрландырылған қойылымын тамашалады. Сонымен қатар ұлттық ойындар да көрініс тауып, асық ату, ләңгі тебуден жарыстар ұйымдастырылды.
Мерекелік шара өңір өнерпаздарының ән шашуымен тәмамдалды.
 
14.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 58
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 66
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 370
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 512

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18270
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18128
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33318
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31872
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35610