Таразда жаңа көпірдің құрылысы басталды

Таразда жаңа көпірдің құрылысы басталды

​​​Абай даңғылының бойындағы теміржол үстінен өтетін көпір тұрғындардың қауіпсіздігі үшін салынады. Жол өткелінің ұзындығы 0,946 шақырымды құрайды. Бас мердігер «Қазақдорстрой» ЖШС барлық сапа стандарттарын сақтай отырып, озық инженерлік технологияларды қолданатын болады.

​​​Нысан екі жеделсатымен жабдықталады. Сондай-ақ бағдаршам орнату, аумақты абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

​​​Жол өтпесі қала орталығын теміржол желісінің арғы бөлігінде орналасқан тұрғын үйлермен байланыстырып, қаланың транзиттік көлік қозғалысын жеңілдетеді.

​​​Ауқымды инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру облыс орталығындағы логистиканы жақсартуға, көлік қозғалысының тиімділігін арттыруға және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

​​​Облыс орталығында тағы бір ауқымды көлік жобасы – Абай даңғылының Сыпатай батыр көшесінің қиылысынан Жамбыл даңғылына дейін созылатын жол өткелінің құрылысы жоспарлануда.

​​​Салтанатты шара барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, «BI GROUP» директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев сөз сөйледі.

z-taraz.kz
17.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584