Таразда қоғам қайраткері, журналист Баттал Жаңабайұлына арналған мемориалдық тақта ашылды

Таразда қоғам қайраткері, журналист Баттал Жаңабайұлына арналған мемориалдық тақта ашылды

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері, журналист Баттал Жаңабайұлының туғанына биыл 95 жыл толып отыр.

Осыған орай, облыс әкімдігінің қолдауымен Тараз қаласында көрнекті қаламгердің тұрған үйінде мемориалдық тақта орнатылды.

Шара барысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев саналы ғұмырын қазақ журналистикасының дамуына арнаған Баттал Жаңабайұлының жарқын бейнесі жерлестерінің жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

- Қашан да баспасөздің қоғамдағы рөлі аса маңызды. Оның ішінде, 100 жылдан астам тарихы бар облыстық «Aq jol» газетінің орны ерекше. Баттал Жаңабайұлы облыстың тыныс-тіршілігін шежірелеген осынау басылымды 20 жыл абыроймен басқарды. Қазақта «жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген нақыл бар. Өңірде рухани саланың дамуына елеулі еңбек еткен ардагер журналисттің есімі ешқашан ұмытылмайды. Біздің ендігі міндетіміз – ерен еңбектің үлгісін көрсеткен Баттал ағамыздың өмір жолы мен еңбегін көпке насихаттау, өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке баулу, - деді аймақ басшысы.

Шара барысында жазушы-драматург Елен Әлімжан, ҚР Журналистер Одағы облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов және жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы  Баттал Жаңабайұлы туралы өз естеліктерімен бөлісті.

Баттал Жаңабайұлы – өз ісінің нағыз кәсіби шебері, өнегелі өмірін журналистика саласының дамуына арнаған азамат.  Ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін екі мәрте «Құрмет ордені» белгісімен марапатталған. Ардагер журналисттің «Сөз құдіреті» және «Жақсылардың шуағы» кітаптары жарық көрген.

Жамбыл облысы әкімдігі
07.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 352
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 341
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18256
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18114
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31855
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35572