Таразда Асанәлі Әшімовтің өнер орталығы салынады

Таразда Асанәлі Әшімовтің өнер орталығы салынады

Тараз қаласында Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің өнер орталығы бой көтермек. Әдебиет пен мәдениетті насихаттайтын орталық құрылысының жобасымен танысуға Алаш абызы көне шаһарға арнайы келді.

Қала әкімі Бақытжан Орынбеков орталықтың жобасымен кеңінен таныстырып, өнер қайраткерінің ұсыныс-тілегін де тыңдады.
Наурыз айында құрылысы басталатын мәдени ошақтың жалпы аумағы 834 шаршы метр. Екі қабаттан тұратын ғимаратта хореография, театр, кино және сурет өнері үйірмелері жұмыс істейді. Сондай-ақ, Асанәлі Әшімовтің музейі де осында орналасатын болады.

Нысанның қасбеті неоклассикалық стильде, плиткалы травертиннен жасалып, үлкен форматты гранитті плиталар қолданылады. Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің дәл жанынан орын тебетін орталықтың құрылысы биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

- Мәдениет пен өнерді қолдаған елдің өрісі кеңейеді. Жоспарланып отырған осы нысан сондай қолдаудың жарқын көрінісі. Жамбыл менің туған жерім! Сол себепті осы орталықтың Тараздан бой көтеруі мені қуантады. Бұл жалғыз маған ғана емес, келешек ұрпаққа, халыққа қажет нысан. Ғимараттың жобасы көңілімнен шықты. Баршаңызға тек қана табыс тілеймін, - деген Асанәлі Әшімов ақ батасын беріп, өзінің кітабын шаһар басшысы Бақытжан Орынбековке тарту етті.

Тараз қаласы
21.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 213
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 226
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 489

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18412
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18271
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33458
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32011
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35777