Таразда 460 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілді

Таразда 460 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілді
Бүгін Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағын ауданында 460 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Алғашқы болып сөз алған Абдалы Тоқбергенұлы көпшілікті қуаныштарымен құттықтады. Бұдан кейін қала әкімі ізгі тілегін жеткізді.
– Соңғы онжылдықтың бедерінде Тараз қаласында жаңа ықшам аудандар бой көтеріп, тұрғын үй саны арта түсті. Жалпы, соңғы 4 жыл көлемінде Тараз қаласы бойынша 5 800 пәтер берілсе, мемлекеттік бағдарламалар арқылы 3 844 азамат баспаналы болды. Ал пәтер кезегінде тұрған азаматтар 1 956 пәтерге қол жеткізді. Сондай-ақ ағымдағы жылы қала аумағында 42 тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, жыл қорытындысымен 2 820 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл үрдіс алдағы уақытта да үзілмей жалғасын табады, – деген шаһар басшысы «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспанаға қол жеткізген пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстады.
Келесі кезекте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшановтар лебіздер легін жалғап, ақжарма ниеттерін жолдады.
📌 Жалпы 2019-2022 жылдар аралығында өңірде «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 1 154 отбасы жаңа баспанаға ие болған. Сонымен қатар биылғы жылдың соңына дейін жаңа тұжырымдама бойынша 1 040 пәтерге 16 нысанды іске асыру жоспарлануда.
Тараз қаласы әкімдігі
14.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 135
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 143
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 422
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 412

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18327
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18190
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33377
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31928
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35685