Тамыры терең той-Саудакентте жалғасты

Тамыры терең той-Саудакентте жалғасты
Бүгін тоқшылық пен береке-бірліктің мерекесі – Наурыз мейрамы Саудакент ауылында жалғасын тапты. Саудакент ауылының кіре берісінен ұлттық киімдегі атқа мінген азаматтар шеру жасап, орталыққа барды. Ұлық мерекемізге арналған іс-шарада ұлттық құндылықтар кеңінен дәріптеліп, халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінен театрландырылған көріністер қойылып, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті.
Әз-Наурыз мерекесін көпшілікпен қарсы алған аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы бірлігі жарасқан Саудакент жұртшылығын ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
Ұлыстың ұлы күніне арналған мәдени іс-шараны еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін тамашалап, бір-бірін құттықтап, ізгі ақ ниеттерін білдіріп жатса, ауылдың алтауыздары мен өнерпаздары ән мен жырдан шашу-шашып, көпшілік керемет көңіл-күйге бөленді.
 
 
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
22.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 191
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 204
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 471
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 275

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18384
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18244
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33431
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31983
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35748