Талас ауданы Ақтөбе ауылының халқына таза ауыз су берілді

Талас ауданы Ақтөбе ауылының халқына таза ауыз су берілді

Республика күніне орай Талас ауданы Қызыләуіт ауылдық округіне қарасты Ақтөбе ауылының халқына сапалы ауыз су берілді.

Аталған аймақта 17 түтін тұрады. Яғни, 117 ақтөбелік ауызбіршілікте күн кешіп келеді.

Биыл «Forte Сapital» ЖШС-і қысқа мерзім ішінде кешенді блок-модуль орнатты. Бұл құрылғы тұрғындардың сапалы тіршілік нәрімен қамтылуына ықпал етеді. Жоба құны 129,5 млн.теңгені құрайды.

Ауыл ақсақалы Дулатбай Бұрханов халықты ауыз сумен жабдықтауға ықпал еткен азаматтарға шынайы ризашылығын жеткізіп, ақ батасын берді.Қызыләуіт ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Темірбек Байақов болса, бұл маңызды нысанның арқасында тұрғындардың тұрмыстық жағдайы жақсаратынына сенім білдірді.

Бүгінде Талас ауданының 6 ауылдық елді мекенінде (Сейілбек, Қожағаппар, Тұрымқұл, Қараой, Арал, Қайыр ауылдары) ауыз су нысандарының құрылысы жүргізілуде.

Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 22 ауылға орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін салу, 15 ауылға кешенді блок-модуль орнату жоспарланған. Нәтижесінде халықты сапалы ауыз сумен қамту деңгейі 94,9-дан 98,1 пайызға дейін артады.

         

Жамбыл облысы әкімдігі
23.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 33
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 44
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 362
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 351

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18265
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18122
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33312
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31866
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35600