Сыртық саясаттың бір саласы - Су дипломатиясы

Сыртық саясаттың бір саласы - Су дипломатиясы

Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі көршілес елдермен болған су дипломатиясы болып табылады. Қос құрлықты жалғап жатқан қазақ елінің кең-байтақ даласының көп бөлігі шөлейтті аймаққа жатады. Маңызды түшшы су қайнарларының көбі сырттан ағып келетін өзендермен байланысып жатыр. Сондықтан әбрбір өзеннің суы үшін, ағардың басында отырған елмен байыпты қатынс жасап өз үлесімізді алуға, өз қажетімізді қанағаттандыруға мәжбүрміз.

Су дипломатиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің баса көңіл бөліп отырған салаларының бірі. Президентіміз көрші елдерге жасаған ресми сапарлары аясында су саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жолында көптеген маңызды келісімдер жасап үлгерді. Сондай-ақ халықаралық жиналыстардың биік мінбелерінде баяндама жасаған сайын су тақырыбын назардан тыс қалтырған емес. 

Біздің шығыстағы көршіміз Қытай елімен де қазірге дейін осы мәселе төңірегінде көптеген мәселелер шешілді, шешуге тиісті талай түйін жатыр. Тәуелсіз қазақ елінің Қытаймен болған теңқұқылы қарым-қатынастарындағы бір жетістік- тәуелсіздіктен кейін ең алыдмен шекара сызықтарын айқындап, екі жақ келісе отырып біржолата бекітіп алғанымыз болды. Келесі кезекте трансшекаралық өзендер мәселесіне өттік.

Екі ел арасындағы мұндай келісімдер 2001 жылы қыркүйекте Астанада қаласында екі ел үкімет басшыларының қатысуымен жасалған «Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім»- нен басталды. Келісімге сай «Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қытай-Қазақстан бірлескен комитеті» құрылды. Бұл көрші елмен екі арадағы трансшекаралық өзендердің су ресурстары бойынша ынтымақтастықтың негізін қалаған құжат болды. Бір дереккөздердің мәліметіне қарағанда осы комитет 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 19 отырыс өткізген екен.

Осыларды ретімен қарап отырсақ мынадай уағдаластықтардың жасалғанын байқаймыз. Жоғарыда айтылған бірлескен комитет құрылғаннан кейінгі уақытта 2005 жылы шілде де Астанада «Трансшекаралық өзендердегі табиғи апаттар туралы жедел хабарлау жөніндегі келісім», 2006 жылы желтоқсанда Бейжіңде жасалған «Трансшекаралық өзендердегі ғылыми зерттеу ынтымақтастығын дамыту туралы келісім» жасалды. Осылай дами келе 2011–2015 жылдары Іле мен Ертіс өзендері алабында бірлескен зерттеу бағдарламалары іске асты. Бұл бағдарлама су сапасына, ауыр металдар мен тұздану деңгейіне қатысты маңызды экологиялық деректер берді.

Ал 2022-2025 жылдары аралығында мұндай ынтымақтастықытң арнасы кеңейе түсті. 2022 жылы екі ел «Трансшекаралық өзендердің экологиялық жағдайын бірлесіп қорғау туралы меморандумға» қол қойды. 2023 жылы су ресурстарын басқаруда жасыл технологиялар мен су үнемдеу тәжірибесін дамыту жөніндегі уағдаластық жасалды.

2024 жылы Астанада өткен Су дипломатиясы жөніндегі халықаралық форумда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Су тапшылығы – келешекте энергетикалық немесе азық-түлік дағдарысынан да өткір жаһандық мәселе болуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан көршілерімен әділ және ашық су саясатын жүргізуге мүдделі,»– деп атап өтті.

Қытай тарапы да «Ортақ өзендер – ортақ жауапкершілік» ұстанымын қолдай отырып, суармалы жерлерді ұлғайтудың экологиялық салдарын азайту бағытында ынтымақтасуға дайын екенін білдірді.

Бұнымен қоса екі елд басшыларының тікелей күш-жігерінің арқасында қазірге дейін трансшекаралық өзендер мәселесін шешу арқылы ынтымақтастықтың жаңа деңгейін қалыптасып, тату көрші, стратегиялық әріптестіктің берік негізі қаланды. Осылайша Қазақстан-Қытай арасында ағып жатқан үлкенді-кішілі 24 өзеннің суын пайдалану, қоршаған ортасын сақтау, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпарат алмасу жақтарында көптеген игі істер жасалып шықты.

Трансшекаралық өзендер мәселесіне келгенде қоғамда алуантүрлі пікірлер айтылып жатады. Кейде ұшқары ойлар да қылаң береді дегенедй... Дегенмен екі тараптың көшбасшылары мен үкіметтерінің талпыныстарының арқасында Бірлескен комиссия трансшекаралық өзен су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша бірқатар консультациялар мен келіссөздерді сәтті жүргізді әрі маңызды келісімдерге қол қойды. Мұның барлығының біер жылда жүзеге аспағанын жоғарыда айтып өттік. Осындай дипломатиялық талпыныстарымыздың арқасында жетістіктеріміздің арқасында су төңірегіндегі дау-шарлардан айналып өтіп, су саласындағы ынтымақтастықты ілгерілетуде, екі ел арасындағы саяси және дипломатиялық диалогты нығайтуда, тату көршілік пен достықты тереңдетуге Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеруде үлкен жетістіктерге қол жеткіздік.

Су дипломатиясы өзге салалардағы қарым-қатынастың тереңдеуіне ілесе алға дамып келеді. Ол ендігі жерде Қытай тарапы ортаға қойған «Бір белдеу, бір жол стратегиясы» сынды үлкен жобалармен қатар жүзеге асырылмақ. Су ресурстары бұдан былайғы жерде әлемдік саясаттың өзегіне айналатын болады. Климаттың өзгеруі, халық санының өсуі және өндіріс қарқынының артуы тұщы суды стратегиялық ресурсқа айналдырып жібергендігін барлығымыз көріп отырмыз. Ендеше қазақ елі үшін Қытаймен екі арадағы трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану мәселесі- ұлттық қауіпсіздік, экологиялық тұрақтылық және өңірлік дипломатияның басты бағыттарының бірі болып қала бермек. Қытайдан ағып келетін Ертіс, Іле, Еміл, Текес, Қорғас, Қаратал сынды мол сулар еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарының ауыл шаруашылығы, энергетика және экологиялық тепе-теңдік жүйесінде шешуші рөл атқарады.

Біз қол жеткізген табыстар туралы біраз тоқталып өттік. Ал шешімін таппаған, шешуді қажет ететін мәселелер де баршылық. Оның ең басында Ертіс пен Іле сынды үлкен өзендердің су мөлшерінің айтарлықтай азайып бара жатқандығы болып отыр. Бұл өз кезегінде Қытайдағы ауыл шаруашылық, өндіірс, энергетика салаларындағы суға деген сұраныстың жылдан-жылға артып бара жатқандығын болып отыр. Қазір Іленің жоғарғы ағарында үлкен су қоймалары салынғандықтан төменгі жаққа судың аз келуі байқалды. Ал Ертіс өзенінің суының қомақты бөлігін жер асты құбырлары арқылы Қарамайлы қаласына бастап апарған қытайлар оны ары қарай шөлейтті аймақтарына дейін тартуды жоспарлап отырған көірнеді. Осы жерде Ертістің суының тек Қазақстанға ғана емес Ресей жағына да аса қажетті екендігі, тіпті жершары экологиясына қатыс бар екендігін естен шығармаған жөн.

Ендігі жерде Балқаш көлінің экологиялық тепе-теңдігін сақтау мәселесі маңызды орынға шығатын түрі бар. Осы мәселелерді талқылағанда шешуге тиісті проблемалардың қатарында су туралы нақты үйлестіру квотасын бекіту, ақпарат алмасудың ашықтығын қамтамасыз етуге көңіл бөлу керек дейді мамандар. Бұл тұрғыда қазақ елі халықаралық құқық нормалары мен су дипломатиясының «әділ бөлу» қағидасына сүйеніп, диалогтық арнаны сақтап отыр деуге болады.

PS: Трансшекаралық өзендердің тұтас сипаты мен өзара тәуелді мүдделері- Қытай мен Қазақстанды дауларды ығыстыра отырып, ортақ мүдделерді ілгерлетуге, ынтымақтастық қағидатын ұстанып, келіссөздер мен консультацияларды қақтығыстарды азайту және ынтымақтастықты нығайту құралы ретінде пайдаланып, бүкіл өзен бассейні тұрғысынан әрекет етуге бастап отыр. Бұл тәсіл трансшекаралық су мәселелерін тиісті аймақтық даму мәселелерімен біріктіреді, «су проблемаларын» «су динамикасы» деп өзгертеді және трансшекаралық су мәселелерінің «қауіпсіздіктен» «қауіпсіздіксіздікке» қарай дамуын ілгерілетеді, трансшекаралық өзендерді ынтымақтастық байланысына, алмасу көпіріне және өзара тиімділік платформасына айналдыратын болмақ.

Ерқазы Сейтқали

 

17.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 754

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19674
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19486
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34614
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33182
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37001