Сынбай шыққан рух

Сынбай шыққан рух

Бір апамыз осы желіде «калбит» деген сөзді жазыпты. Осы бір ауыз сөз мені бір сәтте 90 жылдарға қайта апарғандай болды.

Сол жылдары мен Ақтөбеге оқуға келгенмін. Қазақ тобы жаңа ғана ашылған шақ. Алғаш аудиторияға кіргенде, барлығы маған қадалып қарады да, орыс тобы басқа жерде ғой деген. Мен қазақпын десем, сенбегендер көп болды. Кооперативтік техникум ол кездері әйгілі еді. Сол кездері орыс тіліндегі топтардың тәкаппарлығы, менмендігі ерекше сезілетін. 

Сол сәттен бастап қазақ тобын өмір сынаққа алған. Буллингтің уын іштік. Қақаған аязда тоңдық. Жанымызды отқа қақтады. Жілігімізді шағып, әлімжеттіктің отына салды. Сол буллингтің «калбит, мамбет, барханка» деген сорпасында қайнадық. Бірақ сынған жоқпыз. Сүрлендік, шынықтық. Бізді шыңға шығуға үйретті. Сол кезде қазақ тобындағы біздер ондай әңгімелерді айтпайтын едік. Құрметтеу керек деген бір тілім тәрбие солай болды ма, білмеймін. Бірақ біреуді сынап, күлкіге айналдырмаппыз. 

Бірақ қазір апамыздың жазған сөзін оқығанда, өзінің деңгейін ғана көрсетіп отыр. Өзінің кім екенін өзі әшкерелеп отыр. Бұндайды орыстілді қазақтардан да талай естігенмін. 

Өз тегін жоққа шығарған жан ең әуелі өзін жоғалтады. Мәдениеттілік – ол адамның киімі емес, жанның деңгейі.

Ал, мен кіммін? Мен ауылда туған, ауылдың топырағында өскен қазақтың қарапайым қызымын. Ауылдың үйінен қалаға келіп, білім қуған жанмын. Бірақ қай жерде жүрсем де, менің түбім ауыл, менің өзегім қазақ болып қала бермек. 

Гүлназым ҮМБЕТҚАЛИҚЫЗЫ

04.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 55
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 65
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 368
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 511

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18268
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18126
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33316
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31870
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35605