Сұлулық тұнған мекен

Сұлулық тұнған мекен

Оралдықтарға кеңінен танымал «Улановтар» шаруа қожалығының иелігіндегі өсімдіктер тәлімбағының құрылғанына биыл – 30 жыл. 

Отбасылық тәлімбақтың иелері – оралдық Петр және Елена Улановтар өздерінің еселі еңбектерімен, ерекше кәсіптерімен алыс-жақынға танылып үлгерді. «Улановтар» шаруа қожалығының бағында гүлдер мен тал-теректердің түр-түрі өсіріледі. 

Жеміс ағаштарының, шырша мен қайыңның, қарағай мен еменнің көшеттері, сәндік өсімдіктердің жүздеген түрі көздің жауын алады. Тәлімбақта бір ғана раушан гүлінің 270 түрі өсіріледі екен. Жылыжайда жыл бойына орнайтын әсем көрініске еріксіз таңғаласың. 

Еңбек етумен жан тыныштығын сезінетін отбасы мұндағы әр ағаш пен өсімдікті өз қолдарымен отырғызып, күтіп-баптайды. Бастапқыда гүлдер өсірумен айналысқан кәсіп иелері кейіннен тал-теректер мен сәндік өсімдіктердің көшеттерін отырғызып, шағын алаңқайды үлкен баққа айналдырыпты. 

Отыз жыл бойы адал еңбек етіп, тұрақты тұтынушыларына сапалы қызмет көрсетіп келе жатқан Улановтар жуырда мерейтойлық датаға орай оралдықтар мен қала қонақтары үшін арнайы экскурсия ұйымдастырып, жетістіктерімен бөлісті. 

– Бұл мерейтой – отыз жылдық еңбек пен тағылымды тәжірибенің жемісі. Өзіміздің сүйікті ісімізбен айналысып, табыс тауып отырмыз. Нәтижесінде серіктестеріміз бен тұтынушылардың көңілінен шығып, кәсібіміз жандануда, – дейді Елена Уланова. 

Бұл тәлімбақта өсірілген әдемі гүлдер мен өсімдіктер бүгінде облыс аумағындағы тынымбақтар мен гүлзарларда жайқалып тұр. Алға қойған арман-мақсаттары әлі де ауқымды Улановтар болашақта тәлімбақ аумағынан демалыс орнын ашуды жоспарлауда.    

 

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,

Орал қаласы

Сурет Оксана Каткованікі

09.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Иран МАГАТЭ-ні неге айыптады?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 09.10.2025 47
ЖЕҢІМПАЗҒА КӨЛІК сыйға тартылды
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 09.10.2025 44

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18473
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18337
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33519
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32069
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35837