Су айдындарындағы қауіпсіздік – басты назарда

Су   айдындарындағы қауіпсіздік –   басты назарда

ТЖМ жазғы кезеңде су айдындарының маңында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін іске асыруды жалғастыруда. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Еліміздің түрлі өңірлерінде құтқарушылар көлік бақылау инспекциясының, полицияның, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен және волонтерлермен бірлесіп ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Қапшағай су қоймасының акваториясында Алматы облысының ТЖД басшылығының, Көлік бақылау инспекциясының, Қонаев қаласы әкімдігінің, полиция мен прокуратураның қатысуымен ведомствоаралық рейд өтті. Патрульдеу барысында судағы қауіпсіздік ережелерін бұзудың 8 оқиғасы анықталды – адамдар құтқару құралдарынсыз шағын көлемді кемелерге мінген. Бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы («су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

 Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы ауданында кең ауқымды рейд жүргізілді. Шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде және рұқсат етілмеген жерлерде шомылу кезінде қауіпсіздік нормаларын бұзған 35 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мониторинг көрсеткендей, демалушылар құтқару кеудешелерін жиі елемейді және шомылу үшін «жабайы жағажайларды» таңдайды, бұл қауіп-қатерлерді айтарлықтай арттырады.

Таразда ТЖ басқармасының қызметкерлері полициямен бірлесіп күн сайын профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Рейдтер барысында тыйым салынған жерлерде шомылу жағдайлары анықталды, ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Сонымен қатар ата-ананың міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша айыппұл салынды.

Патрульдеуді күшейту үшін қазіргі заманғы су құралдары мен ұшқышсыз ұшу аппараттары белсенді қолданылады, бұл бұзушылықтарды жедел анықтауға және ықтимал төтенше жағдайларға ден қоюға мүмкіндік береді. 

Рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде жалғастырылатын болады. ТЖМ барлық азаматтарды жауапкершілікті көрсетуге және суда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін сақтауға шақырады.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
28.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 15881
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 15752
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 30906
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 29543
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33116