ШҚО-да қайта жаңғыртудан кейін тағы екі теміржол вокзалы ашылды

ШҚО-да қайта   жаңғыртудан кейін   тағы екі теміржол   вокзалы ашылды

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында теміржол инфрақұрылымы нысандарын жаңғырту бағдарламасы аясында бірден екі теміржол вокзалын ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Оның бірі Серебрянск қаласындағы Күмістау стансасында орналасқан. Вокзал ғимараты 1954 жылы салынса, соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2013 жылы жүргізілген.

Қайта жаңғыртудан кейін Зубовск кентіндегі Алтай стансасының вокзалы да ашылды. 1953 жылы салынған бұл ғимаратта да соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2013 жылы жүргізілген болатын.

Ашылу рәсіміне Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері, теміржол саласының ардагерлері, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, өңір тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Нысандардың тарихи келбеті сақтала отырып, инфрақұрылымы толық жаңғыртылды. Техникалық қайта жарақтандыру аясында ғимараттардың жылыту жүйесі толығымен ауыстырылды. Вокзалдарда алғаш рет автоматтандырылған ауа баптау және желдету жүйелері орнатылды. Энергия тиімділігін арттыру және жылу шығынын азайту мақсатында шатыр, терезелер мен есіктер ауыстырылды. Бұдан бөлек, вокзал кешендері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктеріне 100 пайыз бейімделген. Мұнда талапқа сай тұтқалары бар пандустар орнатылып, тактильді плиткалар төселіп, Брайль қарпімен жазылған навигациялық элементтер мен ақпараттық белгілер қойылды.

Қайта жаңғырту сыртқы инфрақұрылымды да қамтыды. Атап айтқанда, вокзал маңындағы аумақ абаттандырылып, перрон жаңартылды.

Осылайша, Күмістау және Алтай станцияларындағы жаңғыртылған вокзалдар жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен жайлылығы бойынша заманауи талаптарға толық сәйкес келеді.

ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

06.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26976
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26429
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43783
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39565
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44144