СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ: ОБЛЫС ӘКІМІ ТҮСІРІЛІМ АЛАҢЫНА БАРДЫ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ:    ОБЛЫС ӘКІМІ   ТҮСІРІЛІМ АЛАҢЫНА БАРДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында «Ботай. Ғайып ғалам» атты толықметражды шытырман оқиғалы жанрдағы фильмнің түсірілім жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов киножобаның түсірілім алаңына барып, жұмыс барысымен танысты.

Аталған жоба өңір үшін бірегей болып саналады: облыс тарихында алғаш рет Ботай өркениетіне арналған толықметражды көркем фильм түсірілуде. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде креативті индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып, Солтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын республика және халықаралық деңгейде танытуға бағытталған.

Қазіргі таңда негізгі түсірілім кезеңі басталды. Түсірілім жұмыстары Петропавл қаласында ғана емес, облыстың бірқатар аудандарында да жүргізілуде. Жобаға 70-тен астам маман, сондай-ақ өңірдің шығармашылық ұжымдарының актерлері мен мамандары тартылған.

Өңір басшысы түсірілім тобына сәттілік тілеп, шығармашылық шабыт білдірді және фильмнің еліміздің мәдени өмірінде маңызды оқиғаға айналып, Солтүстік Қазақстан облысын халықаралық деңгейде лайықты таныстыратынына сенім білдірді.

 ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫН 200-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС ТАМАМДАДЫ

Әскери өмір, қатаң тәртіп пен қайсар мінез. Төрт жылдық еңбектің жемісі. Ұлттық ұлан академиясының 200-ге тарта түлегі оқу ордасынан түлеп ұшты.

Осыдан төрт жыл бұрын өрімдей 200-ге тарта жігіт елге адал қызмет етуге серт берді. Бүгін сол азаматтар қолдарына лейтенант шені мен дипломдарын алды.

Жалынды жастардың бойын қуаныш сезімі кернегені айтпаса да белгілі. Бірақ, қимастық сезімі де жоқ емес. Төрт  жыл бір казармада тұрып, тәртіпке бірдей бағынған жігіттер енді еліміздің түкпір-түкпіріне тарайды.

«Қазіргі таңда академияда 700-ге жуық курсант білім алуда. Оларға тек білікті мамандар тәлім беруде. Айта кетейін, жуырда үш курсант Президент қолынан аға лейтенант шенін алды. Олар төрт жыл бойы өздерін жақсы қырынан көрсеткен үздік курсанттар», – дейді ҚР ҰҰ академиясының баспасөз хатшысы Маржан Талапкер.

Арқадан жүк түспеді. Керісінше артты. Енді жігіттер еліміздің түкпір-түкпірінде әскери күш-құрылымдарда қызмет атқарады. Ел үміт артқан жастар сенімді ақтайды деген сенімдеміз.

Айта кету керек, Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясы 1997 жылы ашылды. Осы уақыт ішінде әскери білім ордасында алты мыңға жуық жас тамамдады.

 

Нұрсайын ШӘРІП,

Солтүстік Қазақстан облысы

 

23.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26140
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25593
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42986
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38797
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43387