СӘУЛЕТТІК ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

 СӘУЛЕТТІК ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Тұрғындары тығыз қоныстанған Түркістан облысында құрылыс саласын ретімен жүргізу де үнемі назарда тұруы тиіс бағыттың бірі. Табиғаты жайлы өңірдегі қалалар мен елді мекендердің сырт көрінісі де көз тартарлық болып тұрғаны жақсы. Өйткені кейінгі кездері өңірге шет мемлекеттерден келетін туристер саны артып келеді. Шетелдік қонақтардың сәулет-құрылыс келбетіне де аса мән беретіні белгілі.

Бүгінде Түркістан облысында құрылыс қарқыны жоғары. Биылғы 6 айда өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 230,3 миллиард теңгені құрап, 25,1 пайызға артқан. Жыл басынан бері 438,5 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылған. Нысандардың сәулеттік үлгілері облыс әкімдігіндегі арнайы кеңесте тұрақты түрде талқыланып тұрады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кезекті кеңес отырысында да бірқатар жобалар сараланды.

 – Біз инвестициялық жобаларға, жаңа нысан салам деуші азаматтарға әрдайым қолдау көрсетеміз. Бірақ кәсіпкерлер жерді алған соң құрылысты уақытылы жүргізулері тиіс. Созбалаңға салуға жол берілмейді, – деді өңір басшысы. 

Сәулеттік жобалар кеңесінде Түркістан қаласы мен аудан, қалаларда салынатын жаңа ғимараттардың сыр-сипаты талқыға түсті. Бірқатарына тоқталсақ, мейрамхана салу, монша мен көлік жуу бекеті, Шардарадағы жағажайды абаттандыру, Балықты көл жобасы, аудан, қалалардағы базарларды қайта құрылымдау және өзге де мәселелер мен ұсыныстар айтылды. Кейбір ұсыныстар қолдау тапса, бірқатарын жетілдіру жөнінде тапсырма берілді.

 

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ
15.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16590
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16445
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31627
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30236
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33838