Салауатты ма, саламатты ма? – Тіл маманы жауап берді

Салауатты ма, саламатты ма? – Тіл маманы жауап берді

«Салауатты» және «саламатты» сөздерін орынды қолданып жүрміз бе? Олардың мағыналық ерекшеліктері қандай? Аталмыш сөздердің ара-жігін «Дұрыс сөйлейік» бағдарламасына берген сұхбатында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан ажыратып берді.
«Шын мәнінде, «саламат» сөзі «дені сау, есен, аман» деген мағынаны білдіреді. Мысалы, біз амандасқан кезде «саламатсыз ба?» не «сәлеметсіз бе?» деп амандасамыз. Біз «салауатсыз ба?» деп саулық сұрамаймыз. Бірақ бүгінде «салауатты өмір салты» деп жүрміз. Бұл – қате қолданыс. Дұрысы – «Саламатты өмір салты», – деп жауап берді тілші-ғалым.
Оның айтуынша, «салауат» сөзі рақым, кешірім, орыс тілінде «амнистия» деген мағынаны білдіреді.
«Мысалы, мұсылман мәдениетінде намаздан соң Пайғамбарымызға салауат айтылады. «Салауат» деген сөз «Пайғамбарымызға, оның әулетіне, ұрпағына рақым және Алладан кешірім сұрау». Сондықтан осы екі сөзді шатастырмаған абзал. Қазақта «Барға қанағат, өткенге салауат» деген нақыл сөз бар. Мұндағысы бар нәрсеге риза болу, өткен нәрсеге өкінбеу, оған кешіріммен қарау», – деп түсіндірді А. Фазылжан.

turkystan.kz
27.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

«Осындай әулиеге де орын  таппадық...»
Қажымұқан Ғабдолла - 16.10.2025 30
Еуразия тарихындағы қазақ мемлекеті және Ақпан батыр
Самат ӨТЕНИЯЗОВ, т.ғ.к. әл-Фараби және Мадрид университеттерінің профессоры - 16.10.2025 28
Халқының Нұрғисасына деген махаббаты
Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА - 16.10.2025 29
Абаттандыру мен әлеуметтік мәселе назарда болады
Арайлы жақсылық, Жамбыл облысы - 16.10.2025 53
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 68
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 72
Иран МАГАТЭ-ні неге айыптады?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 09.10.2025 346
ЖЕҢІМПАЗҒА КӨЛІК сыйға тартылды
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 09.10.2025 320

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18764
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18627
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33796
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32338
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36142